Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Уланского районного маслихата от 31 марта 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 88 · қабылданған 30.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2016-no-14/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Уланского районного маслихата от 31 марта 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 88 ·30.03.2017
28.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Уланского районного маслихата от 31 марта 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 88 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Уланского районного маслихата от 31 марта 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Ұлан аудандық маслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 14 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
88
Қабылданған күні
30.03.2017
Көрсетілген редакция
28.03.2018 111584_311858.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VQ004966
ЭКБ идентификаторы
111584
Редакция идентификаторы
111584_311858
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:33

0 Ұлан аудандық маслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 14 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 14 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4517 нөмірімен тіркелген, «Ұлан таңы» газетінің 2016 жылғы 10 маусымда № 26 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген қағидалар осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

Ұлан аудандық мәслихатының
2017 жылғы 30 наурыздағы № 88
шешімімен бекітілді
Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидалары

1 1. Жалпы қағидалар

1 1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1 1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

2 2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ұлан ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3 3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

4 4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

5 5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесi;

6 6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

7 7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8 8) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес ақционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы- «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Ұлан аудандық бөлімшесі;

9 9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық, кент әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

10 10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

2

2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде Ұлан ауданының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.

3 3. Осы Қағидалар ауданның аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

4 4. Адамның (отбасының) әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

5 5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін қағидалардың негізінде жүзеге асырады.

2 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеу тәртібі

6 6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Ұлан аудданының әкімдігі белгілейді және Ұлан аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

1 1) табиғи зілзаланың немесе тұрғын үйлердің өртенуінің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

2 2) Ұлан аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

7 7. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

1 1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2 2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

3 3) туғаннан үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектелген балалар;

4 4) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;

5 5) әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдар;

6 6) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;

7 7) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;

8 8) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

9 9) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;

10 10) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

8 8. Адамның жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.

9 9. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

10 10. Ай сайынғы әлеуметтік көмек туберкулездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға, жол жүрулеріне және қосымша азықтарына-6 АЕК (алты айлық есептік көрсеткіш) берілсін.

Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

1 1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға:

басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде);
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер;
ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер – 65000 (алпыс бес мың) теңге;

2 2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

«Алтын алқа» алқасымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға; «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға;
кәмелетке толмаған төрт немесе оданда аса балалармен бірге тұратын көп балалы отбасыларға - 10000 (он мың) теңге;

3 3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір;

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар - 65000 (алпыс бес мың) теңге;
1988-1989 жылдары Чернобль атом электростанциясындағы апаттың, салдарын жоюға қатысқан адамдарға – 5000 (бес мың) теңге;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына - 24000 (жиырма төрт мың) теңге;

4 4) Жеңіс күні – 9 мамыр:

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына 100000 (жүз мың) теңге;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 60000 (алпыс мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталғандарға – 15000 (он бес мың);

3 3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

11 11. Атаулы күндер мен мейрам күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі бойынша көрсетіледі.

12 12. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек туберкулезге қарсы диспансердің бірінші басшысымен бекітілген, диспансердің тізімі бойынша көрсетіледі.

13 13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1 1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2 2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

3

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына» 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4 4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

5 5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады;

Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

14 14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

15 15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

16

16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына» 2, 3 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.

17 17. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

18 18. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

19

19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

20

20. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 15 және 16 - тармақтарында көрсетілген жағдайларда өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

21 21. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

22 22. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күн-тізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді, осы қағиданың 11 тармағынан басқа.

23 23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1 1) өтiнiш берушiлер ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

2 2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

3 3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергілікті өкілді органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

24 24. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4 4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

25 25. Әлеуметтік көмек:

1 1) алушы қайтыс болғанда;

2 2) алушы Ұлан ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

3 3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

4 4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

26 26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіпте қайтаруға жатады.

5 5. Қорытынды қағида

27 27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Қолданыстағы