О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 205 «Об утверждении Правил выпуска платежных карточек, а также требований к деятельности по обслуживанию операций с их использованием на территории Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 205 «Об утверждении Правил выпуска платежных карточек, а также требований к деятельности по обслуживанию операций с их использованием на территории Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 59
- Қабылданған күні
- 21.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2020 142124_459346.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020473
- ЭКБ идентификаторы
- 142124
- Редакция идентификаторы
- 142124_459346
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:50
0 «Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 205 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 және «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау шараларын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарда:
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Байланыссыз төлем карточкасын пайдалана отырып төлем карточкалары жүйесінің iшкi құжаттарында белгіленген сома шегінде операцияларды дербес сәйкестендіру нөмірін енгізбей-ақ жүзеге асыруға жол беріледі.».