Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 207 «Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов» и от 31 августа 2016 года № 208 «Об утверждении Правил осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан»

Қаулы · № 18 · қабылданған 19.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2016-no-207-31-2016-no-208-ekb-208768/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 207 «Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов» и от 31 августа 2016 года № 208 «Об утверждении Правил осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 18 ·19.03.2025
19.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 207 «Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов» и от 31 августа 2016 года № 208 «Об утверждении Правил осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 18 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 207 «Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов» и от 31 августа 2016 года № 208 «Об утверждении Правил осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 және «Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулыларына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
19.03.2025
Көрсетілген редакция
19.03.2025 208768_750488.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035918
ЭКБ идентификаторы
208768
Редакция идентификаторы
208768_750488
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:31

0 «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу

қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 және «Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулыларына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:
27-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27-1. Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар –алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушыларға алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотты ашу кезінде клиент банкке:
1) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
2) ағымдағы шоттың мақсаты қамтылған өтінішті;
3) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісінің немесе Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісімнің көшірмесін ұсынады.».

2

2. «Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:
81-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшаcы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) егер есептелетін ақша сомасы алименттерге (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаға) байланысты емес болған және (немесе) төлем белгілеудің кодтық белгісі алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін бөлінген төлем белгілеудің кодтық белгісіне сәйкес келмеген жағдайда, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеген;».

3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі

Қолданыстағы