Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 215 «Об утверждении Правил организации деятельности платежных организаций»

Қаулы · № 119 · қабылданған 21.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2016-no-215/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 215 «Об утверждении Правил организации деятельности платежных организаций» Қолданыста Қаулы ·№ 119 ·21.09.2020
21.09.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 215 «Об утверждении Правил организации деятельности платежных организаций»

Қолданыста Қаулы ·№ 119 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 215 «Об утверждении Правил организации деятельности платежных организаций»
Атауы (қаз.)
«Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119
Қабылданған күні
21.09.2020
Көрсетілген редакция
21.09.2020 146724_482856.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021284
ЭКБ идентификаторы
146724
Редакция идентификаторы
146724_482856
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:42

0 «Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының

2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының

2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14347 болып тіркелген, 2016 жылғы
3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өту үшін төлем ұйымы Ұлттық Банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер қамтылатын өтінішті (төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) дипломының (дипломдарының) және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріледі) қағаз тасымалдағышта немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынады.
Өтінішпен бірге Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы
2-тармағының 1-1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар беріледі»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ұлттық Банк төлем ұйымының өтінішін қарайды және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.»;
12 және 12-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының
2-тармағында көзделген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, төлем ұйымы осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.
12-1. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесіне қосымша төлем қызметтерін қосу қажет болған жағдайда, осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көрсету жоспарланып отырған төлем қызметтері ескеріле отырып енгізілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы
2-тармағының 1-1), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.»;
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаты, нысаны, мазмұны және нәтижелері қамтылған есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктері есепке алынған өзге де мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.»;
17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының
2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның
16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, төлем ұйымына есептік тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Ұлттық Банк төлем ұйымын тізілімнен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк төлем ұйымына оның нақты орналасқан жері бойынша не өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша хабарлайды және бұл жөніндегі ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.»;
2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
______________________________
2020 жылғы «____»____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
______________________________
2020 жылғы «____»____________

0 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 119
Қаулыға қосымша
Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы, www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz (бұ­дан әрі – пор­тал); көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Өті­ніш және құ­жат­тар­дың то­лық тіз­бе­сі тір­кел­ген­нен ба­стап күн­нен ба­стап он жұ­мыс кү­ні ішін­де.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және қа­ға­з­бен.
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
«Тө­лем­дер және тө­лем жүй­е­ле­рі ту­ра­лы» 2016 жы­л­ғы 26 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­мен (бұ­дан әрі – Заң) бел­гі­лен­ген тө­лем ұй­ы­мы­ның тө­лем қыз­мет­те­рін көр­се­ту­ге рұқ­сат (құқық) бе­ру үшін есеп­тік тір­ке­уден өтуі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма (бұ­дан әрі – ха­бар­ла­ма) неме­се дәлел­ді бас тар­ту
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­же­сі­нің ны­са­ны: элек­трон­дық /қа­ға­з­бен.
6.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ру тә­сіл­де­рі
Қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7.
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс 13.00-ден 14.30-ға дей­ін.
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру кесте­сі дүй­сен­бі - жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс 13.00-ден 14.30-ға дей­ін.
2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­ры­на бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2015 жы­л­ғы 31 та­мы­зда­ғы № 215 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Тө­лем ұй­ым­да­ры­ның қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш.
2) тө­лем ұй­ы­мы­ның ат­қа­ру­шы ор­га­ны бас­шы­сы­ның (мү­ше­сі­нің) ди­пло­мы­ның (ди­плом­да­ры­ның) кө­шір­ме­ле­рі;
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес тө­лем ұй­ы­мы­ның ат­қа­ру­шы ор­га­ны бас­шы­сы­ның (мү­ше­сі­нің) ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі;
4) жар­ғы­лық ка­пи­тал­ды қа­лып­та­сты­ру­ды рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі;
5) тө­лем ұй­ы­мы қыз­мет­ті үл­гі жар­ғы бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ра­тын жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, жар­ғы;
6) тө­лем ұй­ы­мы­ның көр­се­ті­л­ген тө­лем қыз­мет­те­рі бой­ын­ша ақ­ша ауда­рым­да­рын жү­зе­ге асы­ра­тын ти­іс­ті банк­пен неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­мен өза­ра іс-әре­кет жа­сау тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын құ­жат;
7) тө­лем ұй­ы­мы­ның бас­қа­ру ор­га­ны бе­кіт­кен тө­лем ұй­ы­мы­ның қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру қа­ғи­да­ла­ры.
Тө­лем ұй­ы­мы­ның қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру қа­ғи­да­ла­ры­на қой­ы­ла­тын мін­дет­ті та­лап­тар­дың тіз­бе­сі Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­ле­не­ді.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) Заң­ның 16-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­да көр­се­ті­луі ти­іс то­лық емес және (неме­се) анық емес ақ­па­рат­ты ұсы­ну;
2) құ­жат­тар­дың то­лық емес тіз­бе­сін ұсы­ну неме­се құ­жат­тар­дың Заң­ның және Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) егер тө­лем ұй­ы­мы­ның ат­қа­ру­шы ор­га­ны­ның бас­шы­сы Заң­ның 19-ба­бын­да бел­гі­лен­ген та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­се;
4) егер тө­лем ұй­ы­мы «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сын­да мем­ле­кет­тік тір­ке­уден (қай­та тір­ке­уден) өт­кен күн­нен ба­стап бір жыл ішін­де есеп­тік тір­ке­уден өту ту­ра­лы өті­ніш бер­ме­ген бол­са.
Есеп­тік тір­ке­уден бас тар­ты­л­ған жағ­дай­да заң­ды тұл­ға тө­лем ұй­ы­мын тір­ке­уден бас тар­ту­ға се­беп болған се­беп­тер­ді жой­ған кез­де тір­ке­у­ге өті­ніш­ті қай­та бе­ре­ді неме­се ата­уын өзгер­ту неме­се қай­та ұй­ым­да­сты­ру неме­се та­ра­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дай­ды.
Тө­лем ұй­ы­мын тір­ке­уден бас тар­ту­ға се­беп болған се­беп­тер­дің жой­ыл­мауы қай­та қа­рас­ты­ру­дан бас тар­ту­ға негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры пор­тал­да және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​nat​iona​lban​k.​kz ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу үшін қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қол жет­кізу­ге бо­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​nat​iona​lban​k.​kz ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.

Қолданыстағы