Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата от 31 октября 2016 года № 488 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства»

Қаулы · № 502 · қабылданған 28.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2016-no-488/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата от 31 октября 2016 года № 488 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства» Күшін жойған Қаулы ·№ 502 ·28.11.2019
14.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата от 31 октября 2016 года № 488 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 502 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата от 31 октября 2016 года № 488 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2016 жылғы 31 қазандағы № 488 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
502
Қабылданған күні
28.11.2019
Көрсетілген редакция
14.02.2020 136484_444067.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19N0008795
ЭКБ идентификаторы
136484
Редакция идентификаторы
136484_444067
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:37

0 Әкімдіктің 2016 жылғы 31 қазандағы № 488 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 31 қазандағы № 488 қаулысына (2016 жылы 13 желтоқсанда «Костанайские новости» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6718 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Әкімдіктің
2019 жылғы «___» _________
№ ___ қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 488 қаулысымен
бекітілген
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы («Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 74 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13213 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.

7 7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркеуді, авторизациялауды жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырады;

2 2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдайды, электрондық сұрату жолдарын толтырады және Стандарттың 9-тармағы бойынша құжаттар топтамасын тіркейді;

3 3) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін ЭЦҚ арқылы электрондық сұратуды куәландыруды жүргізеді;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады;

5 5) көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұрату мәртебесі және Стандарттың 4-тармағы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны Порталдағы қызметті алушының «жеке кабинетінен» алады;

6 6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды;

7 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» алады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Қолданыстағы