О внесении изменений и дополнений в нормативные постановления Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля» и от 30 июля 2020 года № 6-НҚ «Об утверждении Правил проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в нормативные постановления Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля» и от 30 июля 2020 года № 6-НҚ «Об утверждении Правил проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля»
- Атауы (қаз.)
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ және «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 13-НҚ
- Қабылданған күні
- 07.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2026 I229812_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039841
- ЭКБ идентификаторы
- 229812
- Редакция идентификаторы
- I229812_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 12.09.2026 03:30
0
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ және «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген 100. Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тиімділік аудиті аудит органдарының (Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – Тексеру комиссиялары) құзыреттеріне сәйкес перспективалық жоспарлаудан, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырудан басталады және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген кезеңдер бойынша жүзеге асырылады.»;
15-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) цифрлық технологиялар саласы – мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда цифрлық технологияларды қолдану қағидаларын реттейтін заңнама, әдіснамалық және техникалық құжаттар талаптары түсінігін зерделеуді және (немесе) меңгеруді болжайды. Осы бағыт бойынша тиімділік аудитін жүргізу үшін арнайы білім мен дағдылар талап етіледі. Мемлекеттік аудиторлар және сарапшылар осы технологияларды пайдаланушылардың цифрлық технологияларды бастамашылық ету, әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу және жаңарту бойынша қолданылатын саясат пен практикалар, цифрлық технологияларды басқару саласында құзыреттерді, өкілеттіктерді және жауаптылықтарды бөлу бөлігінде хабардар болуы тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Перспективалық жоспарды қалыптастыру
19. Тиімділік аудиттерін жоспарлау жүйесі аудит органының қызметін жоспарлау рәсімдерімен байланысты және екі деңгейге бөлінеді: перспективалық жоспарлау (тиімділік аудитінің екі жылдық кезеңге арналған тақырыптарын айқындау) және кезекті жылға арналған аудиторлық іс-шараны, мемлекеттік аудит объектілерін жоспарлау.
20. Тиімділік аудиттерін перспективалық жоспарлаудың негізгі міндеттері:
1) тиімділік аудиттерінің өзекті (маңызды) тақырыптарын айқындау;
2) мемлекеттік аудиторларды даярлауды және сарапшыларды іріктеуді қоса алғанда, жоспарланатын тиімділік аудиттерін ресурстық қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді уақытылы шешу, сондай-ақ аудиторлық тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қабылдау;
3) аудиторлық іс-шараларды сапалы жоспарлау үшін, оның ішінде қажетті ақпаратты жинау және аудиторлық іс-шараларды жүргізу тәсілдерін айқындау жөніндегі әдістерді айқындау арқылы негіз жасау.
21. Тиімділік аудиттерін перспективалық жоспарлау процесі:
1) мемлекеттік басқару жүйесін зерделеу;
2) мемлекеттік аудит бағыттарын айқындау;
3) тиімділік аудиттерінің тақырыптарын айқындау, негіздеу сияқты өзара байланысты кезеңдерден тұрады.
22. Мемлекеттік аудитті перспективалық жоспарлау кезінде тиімділік аудитінің басым тақырыптары айқындалады, оларды аудит органдары мемлекеттік аудит объектілерінің кезекті жылға арналған тізбесінің жобасына енгізу тұрғысынан қарайды және талдайды.
23. Перспективалық жоспарлау кезінде проблеманың немесе мәселенің тұжырымдалуы тиімділік аудитінің тақырыбы болып саналады. Кейін осы тақырып аясында жоспарланатын аудиторлық іс-шара шоғырланады.
24. Тиімділік аудитінің тақырыбын айқындау немесе таңдау мынадай өлшемшарттар:
1) мемлекеттік басқару жүйесінде орын алған проблеманың өзектілігі, әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы;
2) белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттің қаржы ресурстары мен активтерінің едәуір көлемін шоғырландыруды болжайтын қаржылық маңыздылық;
3) тиімділік аудиттерінен болатын әлеуетті қаржылық және қаржылық емес пайдалар;
4) аудиторлық есептерді пайдаланушылардың мүдделілігі негізінде жүзеге асырылады.
Қаржылық емес пайдаға ақшалай нысанда көрсетілмейтін және тікелей материалдық табыс алуға байланысты емес, бірақ қызмет тиімділігін, басқару сапасын (басқару процестерін жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, беделді, қауіпсіздік деңгейін арттыру), айқындықты (ашықтықты), мүдделі тараптардың қанағаттанушылығын арттыруға немесе өзге де маңызды мақсаттарға (білім, тәжірибе алу не болмаса халық денсаулығы жағдайына оң ықпал ету) қол жеткізуге ықпал ететін оң нәтиже немесе артықшылық алу жатады.
25. Тиімділік аудитінің барлық бастамашылық жасалатын тақырыбы осы Стандарттың 24-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс.
26. Тиімділік аудитін жоспарлау кезінде тиімділік аудитін сапалы әрі уақытылы жүргізу және аудиторлық қорытынды ұсыну үшін тұтастай алғанда қажетті білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар жұмысқа қабілетті мемлекеттік аудит тобы айқындалады.
27. Мемлекеттік аудиторлардың перспективалық жоспарлау кезінде айқындалған тақырыптар бойынша арнайы білім мен дағдыларды алуы мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген тиімділік аудитін жүргізу басталғанға дейін жүзеге асырылады.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Тиімділік аудитінің айқындалған және (немесе) әзірленген өлшемшарттарының қолайлылығы кейінгі барлық талдамалық және аудиторлық рәсімдердің (аудиторлық есепті қалыптастырғанға дейін) барысында бағаланады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-параграфпен толықтырылсын:
«4-1-параграф. Аудиторлық тапсырмаларды қалыптастыру
52-1. Аудиторлық іс-шараны жүргізу аудиторлық тапсырмалар нысанында дәйекті жүйеленген мәселелерді ашып көрсетуден және қажетті аудиторлық және талдамалық рәсімдерді жүзеге асырудан тұрады. Тиімділік аудиті тобының жетекшісі аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты аудит органының лауазымды адамымен келісу бойынша аудиторлық тапсырмаларды мемлекеттік аудит тобының мүшелері арасында бөледі.
52-2. Аудиторлық тапсырмалардың тізбесі тиімділік аудитінің мақсаты мен мәселелеріне (немесе көрсеткіштеріне) қатаң сәйкестікте қалыптастырылады. Мемлекеттік аудит тобы мүшесінің аудиторлық тапсырмаларын нақтылауды сол топтың жетекшісі айқындайды. Әрбір аудиторлық тапсырма нақты тұжырымдалуы және осы тапсырманың басталуы мен аяқталуы туралы деректерді қоса отырып, тиімділік аудитінің белгілі бір кезеңіне жатқызылуға тиіс.
52-3. Аудиторлық тапсырмаларды мемлекеттік аудит тобының мүшелері арасында бөлу кезінде:
1) мемлекеттік аудит тобының бір мүшесінің аудиторлық тапсырманы орындауы;
2) сарапшының (сарапшылардың) қатысуымен мемлекеттік аудит тобының бір мүшесінің аудиторлық тапсырманы орындауы тәсілдері қолданылуы мүмкін.»;
6-параграф мынадай мазмұндағы 60-1-тармақпен толықтырылсын:
«60-1. Аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңіндегі аудиторлық рәсімдер – бұл аудитордың аудиторлық дәлелдемелерді алу, жинау және растау үшін жасайтын әрекеттері. Аудиторлық рәсімдер аудиторлық дәлелдемелерді жинаудың таңдалған әдістері негізінде ақпараттың (мәліметтердің) анықтығын растау мақсатында жүргізіледі (құжаттарды тексеру, түгендеу, бақылау өлшемі, сұрау салулар мен растаулар, қайта есептеу, бақылау және басқалар). Аудиторлық рәсімдер шеңберінде деректердің, көрсеткіштердің немесе ақпараттың негізділігі мен анықтығын растау (әр жылдардағы көрсеткіштерді салыстыру, ауытқуларды талдау немесе бағалау (жоспар/факт), коэффициенттерді есептеу және басқалар) және тұжырымдарды қалыптастыру мақсатында талдамалық рәсімдер жүргізіледі.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Мемлекеттік аудиторлар аудиторлық іс-шара жүргізу кезеңінде Аудиторлық дәлелдемелердің сапасын бағалаудың бақылау парағында көзделген талаптарға аудиторлық дәлелдемелердің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Тиімділік аудиті тобының жетекшісі жиналған аудиторлық дәлелдемелерді бағалау қорытындысы бойынша осы Стандартқа 5-1-қосымшаға сәйкес нысанда Аудиторлық дәлелдемелердің сапасын бағалаудың бақылау парағын толтырады.»;
74-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік аудиттің мәселелері, өлшемшарттары, ауқымы, тәуекелдердің бағалануы, аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған Аудит бағдарламасы, Аудиторлық тапсырмалар, орындалған аудиторлық рәсімдердің мерзімдері, көлемі және нәтижелері арасындағы байланысты;»;
мынадай мазмұндағы 76-1 және 76-2-тармақшалармен толықтырылсын:
«76-1. Тиімділік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудит объектісінің ресурстарды (қаржылық, материалдық және еңбек) тиімді пайдалануы және ол қол жеткізген түпкілікті нәтижелер ғана емес, сондай-ақ олардың (немесе туындаған елеулі өзгерістердің) қызметтің тиісті саласына (аясына, бағытына), түпкілікті нәтижелерді алғаннан (іске асырғаннан) кейін пайда алушылардың қажеттіліктеріне ықпал етуі де тексеріледі.
76-2. Тиімділік аудиті кезінде нәтижелерге қол жеткізбеуге және (немесе) ресурстар шығындарының ұлғаюына әкеп соққан анықталған бұзушылық фактілері ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісінің жіберіп алған мүмкіндіктері, баламалары мен пайдалары да (мемлекеттік аудитордан әртүрлі талдау және дәлелдемелер жинау әдістерін қолдана отырып, көбірек аудиторлық рәсімдер жүргізуді талап ететін) бағаланады. Мүмкіндіктердің, баламалардың және пайданың жіберіп алынуына әкеп соққан себептер зерделенеді және салада, заңнамада, мемлекеттік аудит объектісінің қызметін ұйымдастыруда проблема (жүйелі немесе жеке сипаты бар ма) болған кезде бағаланады.»;
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«82. Аудиторлық қорытындыда көзделген тиімділік аудитінің қорытындылары:
1) сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының немесе Тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындау үшін жолданған нұсқамалардың орындалуын бақылауға жауапты мүшесімен бірлесіп, Қағидаларда көзделген іс-шараларды тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асыруы;
2) басқа аудиторлық іс-шараның тиімділік аудитінің бағдарламасына және Аудиторлық тапсырмаларына мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауын тексеру жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу;
3) мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды тиісінше орындауын растау мақсатында аудиторлық дәлелдемелерді жинау жөніндегі аудиторлық іс-шараны жүргізу арқылы іске асырылады.»;
5-қосымша осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
2-қосымша осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
1 Аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасы
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының
2026 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 13-НҚ Нормативтік қаулыға
1-қосымша
Тиімділік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
5-қосымша
Аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасы
Тиімділік аудитінің тақырыбы:
Тиімділік аудитінің мақсаты:
Тиімділік аудитінің кіші мақсаты (қажет болған жағдайда):
1-аудиторлық мәселе.
Өлшемшарт
Ақпарат дереккөзі
Тәуекелдер
Тәсілдер
Ақпарат (дәлелдемелер)жинау әдістері
Күтілетін қорытынды / орындалуы
1.1.
2-аудиторлық мәселе.
Өлшемшарт
Ақпарат дереккөзі
Тәуекелдер
Тәсілдер
Ақпарат (дәлелдемелер)жинау әдістері
Күтілетін қорытынды / орындалуы
2.1.
3-аудиторлық мәселе.
Өлшемшарт
Ақпарат дереккөзі
Тәуекелдер
Тәсілдер
Ақпарат (дәлелдемелер)жинау әдістері
Күтілетін қорытынды / орындалуы
3.1.
Мемлекеттік аудит тобының мүшесі (мүшелері)
_______________________________________
(қолы, ТАӘ (болған жағдайда)
Тиімділік аудиті тобының жетекшісі
_______________________________________
(қолы, ТАӘ (болған жағдайда)
2 Аудиторлық дәлелдемелердің сапасын бағалаудың бақылау парағы
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының
2026 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 13-НҚ Нормативтік
қаулыға 2-қосымша
Тиімділік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
5-1-қосымша
Нысан
Аудиторлық дәлелдемелердің сапасын бағалаудың бақылау парағы
№
Сұрақ
«Иә» деген жауап
«Жоқ» деген жауап
Түсіндірме (ескертпе)
1.
Аудиторлық дәлелдемелер барлық аудиторлық сұраққа және (немесе) пайдаланылған аудит көрсеткіштеріне қатысты жиналған ба?
2.
Жиналған аудиторлық дәлелдемелер төмендегі талаптарға сәйкестігі мәніне бағаланған ба:
2.1.
қолайлылық
2.2.
негізділік (дәлелдену)
2.3.
сенімділік
2.4.
жеткіліктілік
3.
Қосымша аудиторлық дәлелдемелер жинауға қажеттілікті айқындау бойынша рәсімдер жүргізілген бе?
3.1.
Егер жүргізілсе, қосымша аудиторлық дәлелдемелер жинау бойынша рәсімдер тиісінше жүргізілген бе?
4.
Сарапшылармен жиналған аудиторлық дәлелдемелердің талаптарға (2.1.-2.4.-тармақтар) сәйкестігі бөлігінде консультациялар жүргізілді ме?
4.1.
Егер жүргізілсе, сарапшылардан пайдаланылған аудиторлық дәлелдемелердің негізділігі бөлігінде растайтын жауап алынды ма?
5.
Мемлекеттік аудит объектілерінің өкілдерімен жиналған аудиторлық дәлелдемелер бойынша талқылаулар жүргізілді ме?
5.1.
Егер жүргізілсе, мемлекеттік аудит объектісінің өкілдерінен пайдаланылған аудиторлық дәлелдемелердің негізділігі бөлігінде растайтын жауап алынды ма?
Тиімділік аудиті тобының жетекшісі
_______________________________
(қолы, ТАӘ (болған жағдайда)
3 Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының
2026 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 13-НҚ Нормативтік қаулыға
3-қосымша
Сыртқы мемлекеттік
аудит және қаржылық
бақылау жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Аудиторлық іс-шараны жүргізуге өтінім
Мем. аудит объектісі (-лері)
Мем. аудиттің типі
Тексерудің түрі
Аудиторлық іс-шараның қысқаша атауы
Тәуекел тобы (жоғ., орт., төм.)
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды*
ББ, БКБ №, активтер
1
2
3
4
5
6
7
Кестенің жалғасы
Аудиторлық іс-шарамен қамтылатын жоспарланған сомалар бойынша болжам (жылдар бөлінісінде)
Аудиторлық іс-шарамен қамту кезеңі
Аудиторлық іс-шара бойынша мерзімдер (күнтізбелік күндер)
Мем. аудитордың ассистенттерін, сарапшыларды (аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында мем. аудиторларды) тартуға қажеттілік
қаржыландыру көзі
20_ жыл
20_ жыл
БАРЛЫҒЫ
Дайындық кезеңі
Негізгі кезең
Қорытынды кезең
8
9
10
11
12
13
14
15
16
1.
2.
_.
Өтінімге бастамашы:
_________________________________ __________ ______________
(Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) (қолы) (күні) мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Негіздеме: ______________________________________________
Аталған бағыт бойынша алдыңғы аудиторлық іс-шара (тексеру) туралы мәлімет: ______________________________________________
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
мем. аудит – мемлекеттік аудит
жоғ. – жоғары
орт. – орташа
төм. – төмен
ББ – бюджеттік бағдарлама
мем. аудитор – мемлекеттік аудитор
БКБ – бюджеттік кіші бағдарлама