Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля»

Қаулы · № 10-НҚ · қабылданған 25.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2016-no-5-ekb-150791/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля» Қолданыста Қаулы ·№ 10-НҚ ·25.12.2020
25.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля»

Қолданыста Қаулы ·№ 10-НҚ · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля»
Атауы (қаз.)
Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10-НҚ
Қабылданған күні
25.12.2020
Көрсетілген редакция
25.12.2020 150791_502160.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021949
ЭКБ идентификаторы
150791
Редакция идентификаторы
150791_502160
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:32

0 Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы нормативтік қаулыны Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 200. Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
қосымша
Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ
нормативтік қаулысына 2-қосымша
200. Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – сыртқы мемлекеттік аудит органдары) жүзеге асыратын сәйкестік аудитін жүргізудің мақсатын, міндеттерін, негізгі кезеңдерін, рәсімдері мен әдістерін айқындайды.

2 2. Стандарт Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымы (ИНТОСАИ) халықаралық стандарттарының қолайлы ережелерінің негізінде әзірленді.

3 3. Стандарттың мақсаты сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сәйкестік аудитін жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілеуі болып табылады.

4 4. Стандарттың міндеттері:

1 1) сәйкестік аудитін жоспарлауға, жүргізуге дайындалуға, жүргізуге, тұжырымдар мен нәтижелер қалыптастыруға, сондай-ақ қорытындыларының іске асырылуын бақылауға қойылатын талаптарды белгілеу;

2 2) сәйкестік аудитін жүргізудің рәсімдері мен әдістерін айқындау;

3 3) сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау, аудиторлық есептерге енгізілетін тұжырымдар мен нәтижелерді қалыптастыру мәселелеріндегі ерекшеліктерді ашу болып табылады.

5 5. Стандарттың күші мемлекеттік аудиторлар мен сарапшыларға (аудиторлық ұйымдар, мемлекеттік органдардың мамандары және аудит органдары тиісті бейін бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге тартатын басқа да заңды, жеке тұлғалар) қолданылады.

6 6. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

өлшемшарттар – негізделген және қолжетімді нормалар, көрсеткіштер, олардың негізінде мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларды іске асыру үшін қабылданған актілерін сақтауы тексеріледі;
базалық өлшемшарттар – сәйкестік аудитін жүргізу кезінде оның бағыттары мен мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне қарамастан пайдаланылатын көрсеткіштер.

2 2-тарау. Сәйкестік аудитінің мақсаты, міндеттері және негізгі кезеңдері

7

7. Сәйкестік аудитінің мақсаты мемлекеттік аудит объектісінің бюджет қаражатының түсуін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану кезінде мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауы туралы пікірдің негізді түрде білдірілуі болып табылады.

8 8. Сәйкестік аудитінің міндеттері мыналар:

1 1) сәйкестік аудитінің өзекті тақырыбы мен өлшемшарттарын айқындау;

2 2) сәйкестік өлшемшарттарына қол жеткізуге, олардың ауытқу себептерін анықтауға (болған жағдайда) қатысты жеткілікті және сенімді аудиторлық дәлелдемелер жинау;

3 3) қажет болған жағдайда, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою және болашақта оларға жол бермеу бойынша ұсынымдарды әзірлей отырып, тәуелсіз, объективті және құзыретті аудиторлық есеп пен қорытындыны қалыптастыру;

4 4) постаудитті жүргізу арқылы сәйкестік аудитінің қорытындыларын іске асыру болып табылады.

9 9. Сәйкестік аудитін сыртқы мемлекеттік аудит органдары «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 13-баптарының 2-тармақтарына сәйкес ұсынылған өкілеттіктерге қарай бағыттары бойынша жүзеге асырады.

10 10. Сәйкестік аудиті жеке, сондай-ақ қаржылық есептілік аудиті шеңберінде немесе тиімділік аудитімен кешенді түрде жүргізілуі мүмкін.

11 11. Сәйкестік аудитін жүргізу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

1 1) жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау;

2 2) жеке мемлекеттік аудит жүргізу және дәлелдемелер жинау;

3 3) дәлелдемелерді бағалау және мемлекеттік аудит нәтижелерін ресімдеу;

4 4) мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша есептілік.

3 3-тарау. Жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау

1 1-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу және Аудит жоспарын, Аудит бағдарламасын, Аудиторлық тапсырма мен тапсырмаларды жасау

12

12. Сәйкестік аудитін жүргізу, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу, Аудит жоспарын, бағдарламасын, Аудиторлық тапсырманы және тапсырмаларды жасау үшін топты қалыптастыру тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 7 тамызда № 21070 болып тіркелген) Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

13 13. Мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеу барысында зерделенетін мәселелердің үлгілік тізбесі осы Стандартқа қосымшада келтірілген.

2 2-параграф. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау

14 14. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу сатысында жүзеге асырылады. Дұрыс айқындалған өлшемшарттар мемлекеттік аудиттің барлық сатысында іске қосылып, аудиторлық қорытындының сапасын қамтамасыз етуі тиіс.

15 15. Сәйкестік аудитінің негізгі базалық өлшемшарттары:

1 1) заңдылық – мемлекеттік аудит объектісі қызметінің мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларды іске асыру үшін қабылданған актілеріне сәйкестігі;

2 2) анықтық – мемлекеттік аудит объектісінің есептік құжаттамасындағы операциялардың, ақпараттың нақты жай-күйіне (әрекетіне/әрекетсіздігіне) сәйкес көрсетілуінің дұрыстығы.

3 3) адалдық – мемлекеттік аудит объектісінде әдеп нормаларын және қаржылық басқару қағидаттарын сақтау.

16 16. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне қарай айқындалатын өлшемшарттар мынадай сипаттамаларға ие болуы тиіс:

анықтық (басқа аудитор пайдалану кезінде сол мән-жайларда қарама-қайшы емес тұжырымдарға әкелетін көрсеткіштер);
толықтық (көрсеткіштер аудит мақсатына жету үшін жеткілікті болып табылады);
объективтілік (көрсеткіштер біржақты емес және толық әрі анық ақпаратқа негізделген);
түсініктілік (көрсеткіштер нақты тұжырымдалған және дұрыс түсінбеу қаупін жояды);
салыстырмалылық (өзге де мемлекеттік аудит органдарының ұқсас аудиторлық тексерулері кезінде қолданылған көрсеткіштерге қайшы келмейтін көрсеткіштер);
қолайлылық (көрсеткіштер заңнама талаптарымен немесе сарапшылардың пікірімен келісілген);
қолжетімділік (орындалған аудиторлық қызметтің сипатын, сондай-ақ аудиторлық қорытынды үшін негіздерді түсіну мүмкіндігіне ие болу үшін адресаттарға қолжетімді көрсеткіштер).

17 17. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау көздері:

1 1) мемлекеттік аудит объектісінің қызметін реттейтін барлық құқықтық актілер;

2 2) кәсіби, техникалық және салалық стандарттар;

3 3) уәкілетті органдардың және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің нормативтік және әдіснамалық құжаттары;

4 4) халықаралық кәсіптік ұйымдардың әдіснамалық құжаттары;

5 5) мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті органдардың және квазимемлекеттік және жеке секторлар ұйымдарының есептік және статистикалық деректері;

6 6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептері;

7 7) сәйкестік аудитінің мақсатына, мәніне және мәселелеріне байланысты мәселелер бойынша әдебиет;

8 8) сарапшылардың қорытындылары;

9 9) интернет-ресурстарда орналастырылатындарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары.

18 18. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау барысында мемлекеттік аудиторлар аудиттің әрбір мәселесі бойынша ықтимал бұзушылық тәуекелінің қаншалықты маңызды екенін қарайды. Маңыздылық мәселесі сандық (өлшем) және сапалық (сипаты мен ерекшеліктері) факторларды қамтиды.

19

19. Мемлекеттік аудиторлар қолданылуы жоспарланып отырған өлшемшарттардың аудит нысанасын толық көлемде дұрыс көрсетуін қамтамасыз етуі тиіс. Аудит жоспары мен бағдарламасына сәйкес аудит көлемі шектелген және заңнаманың кейбір салаларын ғана қамтуы мүмкін жағдайларда, мемлекеттік аудит саласындағы мұндай шектеулер мемлекеттік аудитордың есебінде нақты көрсетілуі тиіс.

20

20. Егер мемлекеттік аудиторлар сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау үшін аудит объектісі немесе өзге де мемлекеттік органдар берген материалдарды пайдаланса, онда мемлекеттік аудиторлар тиісті түрде, аудиторлық рәсімдердің көмегімен пайдаланылатын материалдың қолданылатын өлшемшарттарды дұрыс көрсетуін қамтамасыз етуі тиіс.

21 21. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін заңнамада құқықтық олқылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік аудиторлар аудиторлық есепте анықталған құқықтық олқылықтар туралы пікірді көрсетеді.

22

22. Әртүрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары анықталған кезде мемлекеттік аудитор «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының ережесін басшылыққа алуы керек, ал шешілмейтін қайшылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік аудитор оларды қолданудың ықтимал салдарларын белгілеуі және аудиторлық есепте қайшылықтар фактілерін көрсетуі қажет.

3 3-параграф. Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесін бағалау

23 23. Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесін бағалау мемлекеттік аудиторға ішкі бақылаудың сенімділік дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді және мемлекеттік аудитор жоспарлаған аудиторлық рәсімдердің сипаты мен көлеміне әсер етеді.

24 24. Мемлекеттік аудитор ішкі бақылау жүйесінде өзгерістердің болғанын-болмағанын зерделейді және мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде немесе ортасында болуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, бақылау жүйесінің дұрыстығын тексереді.

25

25. Мемлекеттік аудитор қаржы-шаруашылық қызметті ретке келтіріп, тиімді жүргізу, активтердің сақталуын қамтамасыз ету, ақпараттың қателері мен бұрмалануын анықтау, түзету және алдын алу, сондай-ақ анық қаржылық есептілікті дайындау үшін мемлекеттік аудит объектісінің басшылығы құрал ретінде пайдаланатын шаралар, әдістемелер мен рәсімдер жүйесін қамтитын ішкі бақылау жүйесімен танысады.

26 26. Мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік алған кезде маңызды болуы мүмкін мынадай элементтерге назар аударады:

1 1) адалдық және этикалық құндылықтар қағидаттарын сақтау – бақылау құралдарын ұйымдастырудың, әкімшілендірудің және мониторингілеудің тиімділігіне әсер ететін негізгі элементтер;

2 2) кәсіби құзыреттілік қағидаттарын ұстану – мемлекеттік аудит объектісі басшылығының белгілі бір лауазымдар үшін кәсіби құзыреттіліктің қажетті деңгейін, сондай-ақ бұл деңгей талап етілетін дағдылар мен білімге қалай ауысатынын айқындау;

3 3) ұйымдық құрылым – оның шеңберінде мемлекеттік аудит объектісінің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қызметі жоспарланатын, орындалатын, бақыланатын және тексерілетін негіз;

4 4) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне және есептілік пен өкілеттіктер иерархиясы қатынастарын орнатуға байланысты өкілеттіктер мен жауапкершілікті беру;

5 5) білімге баса назар аудара отырып, кадрларды іздеуге қатысты адами ресурстарды басқару саясаты мен практикасы, нәтижелерді мерзімді бағалау негізінде оқыту және жоғарылату саясаты.

27 27. Мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінің тәуекелдерді басқару жүйесін, атап айтқанда, қасақана жосықсыз іс-әрекеттер тәуекелін төмендетуге қабілетті қанағаттанарлық бақылау ортасының болуына назар аудара отырып зерделейді.

28 28. Мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінің ішкі аудит қызметі жұмысының нәтижелерін қосымша ақпарат көзі ретінде қарауы мүмкін.

4 4-параграф. Тәуекелдерді бағалау

29

29. Тәуекелдерді бағалау анықтықты негізделген растауға бағытталған мемлекеттік аудиттің маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекеттік аудитор елеулі бұрмалаушылықтардың аудиторлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау үшін негіздерді қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді бағалау рәсімдерін орындайды.

30 30. Аудит жоспары мен бағдарламасына сәйкес шектеулердің салдарынан сәйкестік аудиті талаптарға сәйкес келмеу фактілерінің анықталуына кепілдік немесе абсолютті сенімділік бермейді.

31 31. Сәйкестік аудитіне тән шектеулер келесі факторларды қамтуы мүмкін:

1 1) заңнама мен нұсқаулықтарды түсіндіруге қатысты басшылықтың субъективті пайымы;

2 2) қызметкерлердің қателіктері;

3 3) жүйелерді дұрыс жоспарламау немесе олардың тиімсіз жұмысы;

4 4) бақылау жүйелерін айналып өту;

5 5) дәлелдемелерді жасыру немесе ұсынбау.

32 32. Тәуекелдердің туындауына әкеп соғуы мүмкін тәуекелдер мен факторлардың тізбесі аудиттің нысанасына және оны жүргізу мән-жайларына байланысты өзгереді.

33 33. Мемлекеттік аудиторлар аудит тәуекелінің үш элементін қарастырады: аудиттің өзіне тән тәуекел, бақылау тәуекелі және аудит тақырыбына және нақты жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты анықтау тәуекелі.

34 34. Тәуекелдерді бағалау кезінде тәуекел оқиғаларының туындау ықтималдығы, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген оқиғалар басталған жағдайда туындауы мүмкін салдарлар назарға алынады.

4 4-тарау. Мемлекеттік аудит жүргізу және дәлелдемелерді жинау әдістері

35 35. Мемлекеттік аудитордың мемлекеттік аудит объектісіне қатысты пайымдаулары мен қорытындыларын негіздеу мақсатында негізделген аудиторлық дәлелдемелерді алу қажет.

36 36. Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін мынадай әдістер қолданылады: байқау және қарау, инспекциялау, сұрау салу, қайта орындау, растау және талдау жұмысы.

37 37. Байқау және қарау мемлекеттік аудит объектісі және оның ортасы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Байқау және қарау мыналарды қамтиды:

1 1) мемлекеттік аудит объектісінің қызметін байқау;

2 2) мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жөніндегі құжаттарын, материалдарын зерделеу;

3 3) басшылық және тиісті өкілеттіктер берілген адамдар дайындаған есептерді зерделеу (тоқсандық есептер және аралық қаржылық есептілік);

4 4) ұйымның үй-жайларын және оның өндірістік қуаттарын қарау;

5 5) ақпараттық жүйелердегі операциялар мен рәсімдерді қадағалау.

38

38. Инспекциялау әдісі есепке алу, есептілік журналдарын және өзге де материалдарды зерделеуді, материалдардың, негізгі құралдардың, активтердің (бұдан әрі – материалдық активтер) нақты бар-жоғын тексеруді қамтиды. Инспекциялау әдісімен мемлекеттік аудит объектісінің есепке алу саясатымен салыстырғанда материалдық активтердің қолданыстағы есебін тексеру үшін есепке алу құжаттары мен есептілік зерделенеді. Материалдық активтерді инспекциялау да түгендеу жүргізуді қадағалаумен сүйемелденетін физикалық тексеруден тұрады.

39

39. Сұрау салу мемлекеттік аудит объектісінің құрамында да, оның құрылымынан тыс жерде де тиісті адамдардан ақпарат алуға әрекет жасауды білдіреді. Сұрау салу ресми жазбаша нысанда да, сарапшыларды қоса алғанда, тиісті адамдарға сұхбат, сұрақтар қою нысанында бейресми ауызша талқылау нысанында да жүргізілуі мүмкін. Сұрау салу сауалнамаларды немесе пікіртерім парақтарын дайындауды және таратуды да қамтуы мүмкін.

40 40. Сұрау салулар тиісті, ақпаратты білетін адамдарға, яғни ұйымның атынан сөйлеуге немесе пікір білдіруге уәкілеттік берілген басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарға жіберілген кезде тиімді болады.

41 41. Мемлекеттік аудитордың мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесінің бір бөлігі ретінде бастапқыда орындалған рәсімдерді қайта орындауы күмән туындаған және жаңадан ашылған мән-жайлар кезінде жүзеге асырылады.

42 42. Растау – бұл мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз үшінші адамнан белгілі бір ақпаратты алудан тұратын сұрау салу түрі. Қажет болған жағдайда сәйкестік аудиті шеңберінде мемлекеттік аудитор:

1 1) келісімдерге қатысушылардан тікелей растау;

2 2) уәкілетті мемлекеттік органдардан мемлекеттік аудит объектісінің қызмет саласын реттейтін заңнаманың қандай да бір нормасын қалай түсіну керектігін түсіндірме;

3 3) аудиторлық тексеру барысында жасалған ауызша мәлімдемелерге қатысты аудит объектісі басшылығынан жазбаша растау алады.

43 43. Талдау жұмысы сәйкестік аудитіне әсер етуі мүмкін мәселелерді көрсететін ерекше операциялардың немесе оқиғалардың, сомалар мен коэффициенттердің, үрдістердің болуын анықтау кезінде қолданылады.

44

44. Талдау жұмысы көлемі мен күрделілік дәрежесі бойынша әртүрлі: ұқсас деректерді қарапайым салыстырудан бастап статистикалық әдістерді қолдануға дейін болуы мүмкін. Мемлекеттік аудитор жеке алынған баптың/компоненттің сәйкестік аудитінің нәтижелерін растауға мүмкіндік беретін пікірді/есепті/қорытындыны қалыптастыру кезеңінде сәйкестік аудитінің соңына жақын кейбір талдау жұмыстарын орындай алады, сондай-ақ нақты аудиторлық дәлелдеменің жеткіліксіздігін көрсете алады.

45 45. Мемлекеттік аудитор аудиторлық дәлелдемелерді жинау процесін Қағидаларға сәйкес мемлекеттік аудит материалдары түрінде (электрондық жүйеде немесе қағаз жеткізгіште) тиісінше құжаттайды.

5 5-тарау. Аудиторлық дәлелдемелерді бағалау және мемлекеттік аудит нәтижелерін ресімдеу

46 46. Мемлекеттік аудитор алынған дәлелдемелерді мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарына елеулі сәйкессіздіктің әлеуетті фактілерін анықтау мақсатында маңыздылығын ескере отырып бағалайды.

47 47. Мемлекеттік аудиторлар алынған дәлелдер негізінде барлық маңызды мәселелер бойынша аудит мәні туралы ақпарат белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетіндігін бағалайды.

48 48. Аудиторлық дәлелдемелерді бағалау кезінде мемлекеттік аудиторлар нақты істің мән-жайларын, сондай-ақ тиісті мәселелердің сандық және сапалық сипаттамаларын ескеретін өзінің кәсіби пайымына сүйенеді.

49 49. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкессіздік елеулі болып табыла ма, жоқ па екенін анықтау үшін кәсіби пайымдауды қолдану кезінде мынадай факторлар ескеріледі:

1 1) тиісті сандық көрсеткіштердің маңыздылығы;

2 2) мән-жайлар;

3 3) сәйкессіздіктің сипаты;

4 4) сәйкессіздіктің себебі;

5 5) сәйкессіздіктің ықтимал нәтижелері мен салдары;

6 6) тиісті бағдарламалардың байқалуы мен осалдығы (мысалы, олар қоғам тарапынан айтарлықтай қызығушылықтың объектісі болып табыла ма, олар халықтың осал топтарына әсер ете ме);

7 7) аудиторлық қорытындыны алушылардың қажеттіліктері мен күтетіні.

50 50. Сәйкестік аудитін жүргізу кезінде маңыздылықты анықтаудың сапалық аспектісі сандық аспектімен салыстырғанда басым болуы мүмкін, мысалы, келесі бұзушылықтарды анықтау кезінде:

1 1) қасақана заңсыз әрекеттер немесе талаптарға сәйкес келмеу;

2 2) басшылыққа, мемлекеттік аудиторға дұрыс емес және толық емес ақпарат беру (жасыру);

3 3) оларды жасау үшін құқықтық негіздердің жетіспеушілігін түсінуге қарамастан жасалған әрекеттер.

Мұндай бұзушылықтарды сомасына қарамастан, анықталған жағдайда, мемлекеттік аудитор аудиторлық есепте ашады.

51 51. Мемлекеттік аудит объектілерінің әрқайсысы бойынша мемлекеттік аудит нәтижелері Қағидаларда айқындалған нысан бойынша аудиторлық есеппен ресімделеді.

52 52. Аудиторлық есепті жасау кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:

1 1) Мемлекеттік аудит бағдарламасында және аудиторлық тапсырмаларда көрсетілген барлық мәселенің көрсетілуінің толықтығы, оларда жазылған мәліметтердің анықтығы, объективтілігі;

2

2) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің мазмұнын тұжырымдаудың анықтығы, анықталған бұзушылықтар аудиторлық есептегі жазбалардың анықтығын растайтын құжаттар түпнұсқаларының деректемелеріне, сондай-ақ ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына қажетті сілтемелер көрсетіле отырып, объективті және дәл сипатталады;

3 3) баяндалатын материалдың логикалық және хронологиялық реттілігі;

4 4) нақты деректерді оларға толық сілтемелер болған кезде тексерілген материалдар (тиісті құжаттар) негізінде ғана баяндау;

5 5) анықталған бұзушылықтар маңыздылық, аудиторлық тәуекел деңгейін ескере отырып және іріктемеге сілтеме жасай отырып көрсетіледі.

53 53. Аудиторлық қорытынды мен нұсқамаларды жасау, ресімдеу, сондай-ақ ұсынымдардың орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыру тәртібі Қағидаларда айқындалған.

54 54. Аудиторлық қорытындыда көзделген сәйкестік аудитінің қорытындылары:

1 1) Қағидаларда көзделген іс-шараларды тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асыру;

2 2) Сәйкестік аудитінің бағдарламасына басқа аудиторлық іс-шараның мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауын тексеру жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу;

3 3) мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды тиісінше орындағанын растау мақсатында аудиторлық дәлелдемелерді жинау жөніндегі аудиторлық іс-шараны жүргізу арқылы іске асырылады.

1.1 Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында зерделенетін мәселелердің үлгілік тізбесі*

Сәйкестік аудитін жүргізу
бойынша сыртқы мемлекеттік
аудиттің және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
қосымша
Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында зерделенетін мәселелердің үлгілік тізбесі*
Мә­се­ле­лер
Ақ­па­рат көз­де­рі
1
2
1. Сәй­кест­ік ауди­ті (жал­пы мә­се­ле­лер)**
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің қыз­ме­ті
Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер, ақ­па­рат­тық-құқық­тық жүй­е­лер
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры (Ере­же, Жар­ғы және мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің қыз­ме­тін ре­гла­мент­тей­тін құ­жат­тар)
Аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі мен ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­рын қо­са ал­ған­да, мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің құ­ры­лы­мы
Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар­ды алып қо­юы
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі бой­ын­ша ал­дың­ғы ауди­тор­лық іс-ша­ра­ның нәти­же­ле­рі
Ауди­тор­лық есеп­тер, сырт­қы мем­ле­кет­тік аудит ор­га­ны­ның қа­улы­ла­ры және ауди­тор­лық іс-ша­ра­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі қа­был­да­ған ша­ра­лар
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің іш­кі аудит қыз­ме­ті­нің жұ­мысы
Іш­кі аудит қыз­ме­ті­нің ере­же­сі, ауди­тор­лық іс-ша­ра­лар­дың жыл­дық жос­па­ры, іш­кі аудит нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­тер, іш­кі аудит қыз­мет­те­рі­нің жұ­мысы ту­ра­лы жиын­тық ақ­па­рат (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің тоқ­сан сай­ын­ғы ақ­па­ра­ты)
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің бюд­жет­ті уақ­ты­лы және са­па­лы орын­да­уы
Ти­іс­ті бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі бой­ын­ша ти­іс­ті есеп­ті жы­л­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луы ту­ра­лы есеп (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі ұсы­на­тын ақ­па­рат, тө­лем­дер бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры, мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры)
Мем­ле­кет­тік және үкі­мет­тік бағ­дар­ла­ма­лар, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сіне қа­ты­сты бө­лі­гін­де да­му жос­пар­ла­ры, ти­іс­ті бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­сі­нің стра­те­ги­я­лық жос­па­ры
Мем­ле­кет­тік және үкі­мет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың (іс-ша­ра­лар жос­пар­ла­ры­ның), ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сіне қа­ты­сты бө­лі­гін­де да­му жос­пар­ла­ры­ның, ти­іс­ті бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­сі­нің стра­те­ги­я­лық жос­пар­ла­ры­ның орын­да­луы ту­ра­лы есеп­тер
Мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды өт­кі­зу тә­сіл­де­рі, та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің но­мен­кла­ту­ра­сы, бюд­жет­тен бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу мер­зім­де­рі
Мем­ле­кет­тік са­тып алу­дың жыл­дық жос­па­ры, мем­ле­кет­тік са­тып алу­дың нақ­ты­лан­ған жос­па­ры (ақ­па­рат­тық жүй­е­лер)
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі ту­ра­лы жи­нақ­тал­ған ақ­па­рат
Тек­се­рі­ле­тін мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің ақ­па­рат­тық ба­за­ла­ры, ре­сми ста­ти­сти­ка­лық де­ректер, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­ның де­ректе­рі
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің ла­у­а­зым­ды адам­да­ры­ның әре­кет­те­ріне (әре­кет­сіз­ді­гіне) қа­ты­сты өті­ніш­те­рі (ша­ғым­да­ры) (болған кез­де)
Жо­ға­ры тұр­ған бюд­жет­тің бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­сі мен ти­іс­ті жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган ара­сын­да Ны­са­на­лы транс­ферт­тер бой­ын­ша нәти­же­лер ту­ра­лы ке­лі­сім­дер жа­са­су
Жо­ға­ры тұр­ған бюд­жет­тің бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­сі мен ти­іс­ті жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган ара­сын­да­ғы Ны­са­на­лы транс­ферт­тер бой­ын­ша нәти­же­лер ту­ра­лы ке­лі­сім. Ны­са­на­лы транс­ферт­тер бой­ын­ша нәти­же­лер ту­ра­лы ке­лі­сім­дер­дің көр­сет­кіш­те­ріне қол жет­кі­зу ту­ра­лы есеп­тер
Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың бұ­рын пай­да­ла­ныл­ма­ған ны­са­на­лы транс­ферт­тер со­ма­ла­рын то­лық пай­да­ла­нуы
Мәс­ли­хат­тар­дың нор­ма­тив­тік құқық­тық ше­шім­де­рі, әкім­дік­тер­дің нор­ма­тив­тік құқық­тық қа­улы­ла­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ны­са­на­лы транс­ферт­тер қа­ра­жа­тын то­лық пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы қа­улы­ла­ры (ақ­па­рат­тық-құқық­тық жүй­е­лер)
Бай­ла­ны­сты грант­тар­ды тар­ту және пай­да­ла­ну
Бай­ла­ны­сты грант ту­ра­лы ке­лі­сім, ағым­да­ғы қар­жы жы­лы­ның 1 қаң­та­рын­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша алын­ған және пай­да­ла­ны­л­ған бай­ла­ны­сты грант­тар ту­ра­лы ақ­па­рат, бай­ла­ны­сты грант­тар­ды пай­да­ла­ну бой­ын­ша нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу жө­нін­де­гі есеп, бай­ла­ны­сты грант­тар­ды пай­да­ла­ну мо­ни­то­рин­гі
Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді тар­ту және пай­да­ла­ну
Кре­ди­тор, бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­сі және қарыз алушы ара­сын­да­ғы кре­дит­тік шар­ттар. Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді мақ­са­ты­на сай және ти­ім­ді пай­да­ла­ну, өтеу және қыз­мет көр­се­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
Үкі­мет­тік сырт­қы қары­здар есе­бі­нен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру­ға ба­ғыт­тал­ған сырт­қы қары­здар қа­ра­жа­тын иге­ру және рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қо­са қар­жы­лан­ды­ру ту­ра­лы ақ­па­рат, мем­ле­кет­тік сырт­қы қары­здар қа­ра­жа­тын иге­ру ту­ра­лы жиын­тық есеп
Тар­ты­л­ған қары­здар есе­бі­нен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын жо­ба­лар­дың қым­бат­та­уы
Тар­ты­л­ған қары­здар есе­бі­нен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын жо­ба­лар­дың қым­бат­та­уы ту­ра­лы ақ­па­рат
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­тіне ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры ұсы­на­тын қарыз шар­тта­ры шең­бе­рін­де Қарыз қа­ра­жа­тын пай­да­ла­ну мо­ни­то­рин­гі
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры қар­жы­лан­ды­ра­тын жо­ба­лар ту­ра­лы ақ­па­рат
Үкі­мет­тік қары­здар­ды өтеу және олар­ға қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар
Үкі­мет­тік сырт­қы қары­здар­дың қол­да­ны­с­та­ғы порт­фе­лін иге­ру, өтеу және қыз­мет көр­се­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
Ескертпе:
*Аталған тізбе толыққанды болып табылмайды. Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында қосымша құжаттар және (немесе) ақпарат сұратылуы мүмкін.
** Алдын ала зерделеу кезінде жалпы мәселелер және сәйкестік аудитіне жататын мемлекеттік аудиттің тиісті мақсаты бойынша қосымша зерделенеді.

Қолданыстағы