О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля»
- Атауы (қаз.)
- «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9-НҚ
- Қабылданған күні
- 15.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2024 196846_700401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034388
- ЭКБ идентификаторы
- 196846
- Редакция идентификаторы
- 196846_700401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:33
0 «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша cыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау шеңберінде мемлекеттік аудит нәтижелерін жоспарлы тәртіппен тануды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінде Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.».