Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 мая 2016 года № 583 «Об утверждении формы и Правил оформления, заполнения, учета, хранения, передачи, расходования, уничтожения формуляра для изготовления документов, удостоверяющих личность (кроме удостоверения беженца)»

Бұйрық · № 451 · қабылданған 03.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2016-no-583-ekb-157776/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 мая 2016 года № 583 «Об утверждении формы и Правил оформления, заполнения, учета, хранения, передачи, расходования, уничтожения формуляра для изготовления документов, удостоверяющих личность (кроме удостоверения беженца)» Қолданыста Бұйрық ·№ 451 ·03.08.2021
03.08.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 мая 2016 года № 583 «Об утверждении формы и Правил оформления, заполнения, учета, хранения, передачи, расходования, уничтожения формуляра для изготовления документов, удостоверяющих личность (кроме удостоверения беженца)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 451 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 мая 2016 года № 583 «Об утверждении формы и Правил оформления, заполнения, учета, хранения, передачи, расходования, уничтожения формуляра для изготовления документов, удостоверяющих личность (кроме удостоверения беженца)»
Атауы (қаз.)
«Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
451
Қабылданған күні
03.08.2021
Көрсетілген редакция
03.08.2021 157776_534704.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023938
ЭКБ идентификаторы
157776
Редакция идентификаторы
157776_534704
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:18

0 «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларында:
4-тармақта:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға формулярды жоғалтуына, жарамдық мерзімінің аяқталуына, некеге тұру, бұзу бойынша тегін ауыстыруына, одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалуына, құжаттарының түрлерінің өзгеруіне, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуына байланысты паспортын және (немесе) жеке куәлігін ауыстырған, туу туралы куәліктің негізінде кәмелетке толмаған балалар бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алған жағдайда құжатталушы адамның тұрақты тіркелу орны, сондай-ақ оның нақты болған орны бойынша уәкілетті қызметкер толтырады.»;
жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын ауыстыруына және оларды жоғалтуы бойынша өтініш білдірген азаматтарға, сондай-ақ туу туралы куәліктің негізінде жеке басын куәландыратын құжаттарды алғаш рет алуға уақтылы өтініш білдірмеген Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігін ішкі істер органдары анықтамаған адамдарға;»;
8-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген жағдайларда қол қоюға арналған баған бос қалдырылады, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес берілген растайтын құжаттың көшірмесі (мүгедектігі бойынша зейнеткерлік куәлігі, құқық қорғау органының хаттамасы, денсаулық сақтау органының анықтамасы) алынады. Формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында қолтаңбаның жоқтығының себебі көрсетіледі, ол уәкілетті қызметкердің қолтаңбасымен және елтаңбалық мөрмен расталады.»;
12-тармақтың 1) тармақшасында:
бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Балаларға ЖСН генерациялау үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) біреуі баланың туу туралы куәлігін, ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуінің жеке куәлігін ұсынады. Баланың азаматтығын растау үшін уәкілетті қызметкер ата-анасының (заңды өкілдерінің) екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша құжатталған халықтың деректер базасында, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы аумағында туу фактісін растау үшін баланың туу туралы мәліметі бойынша «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) өзара ақпараттық іс-қимыл арқылы тексеруді жүзеге асырады. ХҚТ ТП-да туу туралы мәліметтер болмаған жағдайда тексеру туу туралы куәліктің ұсынылған түпнұсқасы бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші органға (бұдан әрі - АХАТ органы) екі жұмыс күні ішінде туу туралы акт жазбасының көшірмесін алу үшін сұрау салу жіберіледі.»;
он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Генерацияланған ЖСН нөмірі туу туралы куәлікке қосымша парақта осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген ЖСН-мен бірге көрсетіледі, уәкілетті қызметкер қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады. Жеке басты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда балалардың айқындау деректерінің өзгеруіне байланысты ЖСН-ге түзетулер, АХАЖ АЖ-дан айқындау деректерінің өзгергені туралы мәліметтер келіп түскен кезде «АӨО» РМК жүргізеді.»;
он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Баланың азаматтығын растау үшін уәкілетті қызметкер құжатталған халықтың деректер базасында ата-анасының (заңды өкілдерінің) екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы аумағында туу фактісін АХАЖ АЖ-да баланың туу туралы мәліметтері бойынша тексеруді жүзеге асырады. АХАЖ АЖ-да туу туралы мәліметтер болмаған жағдайда тексеру туу туралы куәліктің ұсынылған түпнұсқасы бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте АХАТ органынан екі жұмыс күні ішінде туу туралы акт жазбасының көшірмесін алу үшін сұрау салу жіберіледі. Ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің нөмірі, күні және берген органы (заңды өкілдерінің жеке қатысуы талап етіледі) формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі;»;
жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Айқындау деректерінің, туған жерінің өзгеруі туралы мәліметтерді уәкілетті қызметкер өзара іс-қимыл біріктіру арқылы АХАЖ АЖ-дан алады. Олар АХАЖ АЖ-да болмаған жағдайда, ұлттық дәстүрлерге сәйкес ұлты қазақ адамдарға неке (ерлі-зайыптылық) қию (бұзу) бойынша тегін және әкесінің атын өзгерту жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының айқындау деректерін, туған жерін өзгерту бойынша паспортты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беруге формулярды толтыру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындау деректерін ауыстыру туралы қорытынды (бұдан әрі - анықтамалық деректерді ауыстыру туралы қорытынды) шығарылғаннан кейін туу туралы куәліктің негізінде жүргізіледі.»;
қырық бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біруақытта «08» коды бойынша формуляр ресімдеу кезінде уәкілетті қызметкер азаматқа ұлты туралы жазбаның өзгертілгені туралы анықтама береді, ол азаматтық хал актілеріндегі тиісті жазбаларда ұлты туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу үшін тұрғылықты жері бойынша АХАТ органына ұсынылады.»;
сексен сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ХҚТ ТП-да туу туралы мәліметтер болмаған жағдайда ұсынылған туу туралы куәлiкті растау үшін АХАТ органына туу туралы акті жазбасының көшірмесі алу үшін екі жұмыс күні ішінде сұрау салу жіберіледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Құжаттандыру мәселелері бойынша азаматтар ұсынған құжаттардың түпнұсқалығы, фотосуреттерінің ұқсастығы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі күмән тудырса, сондай-ақ формулярды негiзсiз ресiмдегені анықталған кезде, уәкілетті қызметкер мерзімі үш жұмыс күніне дейін құжаттандырылатын адамның жеке басына қосымша тексеру жүргізеді.
Жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдарды тексеру аяқтағаннан кейін уәкілетті қызметкер екі жұмыс күні ішінде олардың жеке басын анықтау және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру бойынша қорытынды шығарады, оны Полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы немесе оның орынбасары бекітеді, содан кейін қорытындыларды тіркеу журналына тіркейді. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беруге формулярды толтыру кезінде осы Қағидалардың «06» кодын толтыру үшін көзделген тәртіппен жасалған қорытындының, азаматтың жеке басын тану хаттамасының нөмірі мен жасалған күні формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі және елтаңбалы мөрмен куәландырылады.»;
17-тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Формулярдың 13, 14-жолдары тиiстi жолдарда құжаттандырылатын адамның қазiргi және бұрынғы тiркелген тұрғылықты жерiнiң мекенжайы көрсетiле отырып, толтырылады. Бұл ретте, 13-жолда міндетті түрде келген күні толтырылады. Деректер базасында көрсетілген деректеме болмаған жағдайда, уәкілетті қызметкер деректер базасында көрсетілген мекенжай бойынша жеке тұлғаның бастапқы тіркелген күнін қалпына келтіру үшін мекенжай-анықтамалық архивтің мәліметтері, формулярлардың мұрағаттық картотекалары, азаматтар ұсынған азаматтарды тіркеу кітаптары бойынша мекенжайлық түзету жүргізеді. Шетелде уақытша болатын Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын алуға формулярды ресімдеу кезінде «тұрғылықты жері» деген 13-жолда олардың Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуінің өзекті мекенжайы көрсетіледі, ол «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына жіберіледі. Формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында шетелде уақытша болу мекенжайы көрсетіледі.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. ХҚТ ТП және ШҚТ ТП-да электрондық формулярларды толтыру мынадай кодтар бойынша жүргізіледі:
«00» 16 жасқа толмаған балаларға жеке басын куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасы азаматтығын растайтын кезде) беру;
«01» 16 жасқа толу (Қазақстан Республикасы азаматтарын ресімдеу кезінде);
«03» шетелдіктермен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктермен, азаматтық елін ауыстыру;
«04» тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болған кезде) өзгерту;
«05» туған күнiн өзгерту;
«06» жазбаның дұрыс еместігі;
«07» құжаттың одан әрі қолдануға жарамсыздығы;
«08» Қазақстан Республикасы азаматының өзiнiң ұлтын өзгертуі;
«09» жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалуы (Қазақстан Республикасы азаматының паспортынан басқа);
«10» заңды мекенжайын ауыстыру;
«11» шетелдіктерді, немесе азаматтығы жоқ адамдарды алғаш рет құжаттандыру кезінде;
«12» Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау;
«13» Қазақстан Республикасы азаматының паспортты жоғалтуы;
«14» қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлініске байланысты елдi мекендер атауының өзгеруі;
«15» Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін қайта оралуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуы;
«16» иесiнiң қалауы бойынша құжат түрлерiнiң өзгеруiне байланысты;
«17» қолда бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының негізінде алғаш рет жеке басын куәландыратын құжаттар алу;
«18» жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы.»;
33-тармақта:
оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Деректердің ақпараттық базасындағы құжатталушы адамның фотосуретінің жеке басын куәландыратын құжаттағы фотобейнесімен сәйкес келмейтіні анықталған кезде уәкілетті қызметкер құжатталушы адамның жеке басын және құжаттардағы сәйкес келмеушіліктің себептерін тексеруді жүргізеді, жеке басын тану хаттамасы осы Қағидалардың «06» кодын толтыру үшін тәртіп бойынша толтырылады.»;
он бірінші абзацы алып тасталсын;
он екінші абзацы алып тасталсын;
он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11» - шетелдіктерді не азаматтығы жоқ адамдарды бастапқы құжаттандыру кезінде көрсетіледі;»
мынадай мазмұндағы жиырма бірінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, электрондық формулярларды толтыру электрондық формулярдың толтырылған кодтарына сәйкес осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Фотосуреттің сәйкессіздігі анықталған кезде, сондай-ақ деректер базасындағы электрондық формулярлардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған ресімдеу кодтары сәйкес келмеген, графикалық ақпарат сапасыз жасалған (суреті, қолтаңбасы) кезде электрондық формулярлар «АӨО» РМК-дан қайтару себебін көрсете отырып құжаттарды дайындамай ІІМ КҚҚК арқылы ХҚТ ТП, ШҚТ ТП-ға қайтарылады.»;
43-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте 13 – «тұрғылықты жері» жолында сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша тіркеудің өзекті мекенжайы көрсетіледі, ол «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасына беріледі. Сотталған жазасын өтеп жүрген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің орналасқан жері (облыс, қала, аудан, елді мекен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің атауы) формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі және елтаңбалы мөрмен расталады.»;
56-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Дайындалған жеке басты куәландыратын құжаттарды алу үшін құжатты алу түбіртегін немесе өтінімді тіркеу талонын және алып қоюға жататын құжаттарды көрсету қажет. ЖСН шартты түрде алып тастағанда, жеке басын куәландыратын құжаттар бұрынғы айқындау деректеріне жаңа ЖСН алуға ресімдеу кезінде тапсыруға жатады.»;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Жеке басты куәландыратын құжатты беру фактісін тіркеу үшін ХҚТ ТП, ХҚТ ТП ақпараттық жүйелерде машина оқитын аймақты оқыту үшін электрондық құрылғы қолданылады.
Уәкілетті қызметкер азамат және дайын құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты алу үшін өтінімді тіркеу талонының нөмірін ХҚТ ТП, ШҚТ ТП жүйелеріне енгізеді. Азамат өтінімді тіркеу талонын жоғалтқан жағдайда оның нөмірі ақпараттық парақтан оқылады.
Біруақытта дайын құжаттарды беру күнін тіркей отырып, бұрынғы құжаттар жаңа құжаттың шығуына байланысты автоматты түрде жарамсыздар қатарына көшіріледі, сондай-ақ ЖСН шартты түрде алып тастағанда автоматты түрде жарамсыздар разрядына ауыстырылады. Республикадан тыс жерлерге шығуға байланысты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттар «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету» себебін көрсете отырып, автоматты түрде жарамсыздар қатарына ауыстырылады.
Принтерде электрондық формуляр басылып шығарылады, оған азаматтың және құжаттарды берген қызметкердің қолтаңбасы қойылады, одан кейін ақпараттық парақ акті жасаусыз жойылады.»;
2-қосымшада:
«Қазақстан Республикасының облыстары, аудандары кодтарының анықтамалығы» осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

1 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2021 жылғы 3 тамыздағы
№ 451 бұйрығына
қосымша
Жеке басты куәландыратын
құжаттарды (босқын куәлігінен басқа)
дайындау үшін формулярдың нысанын
және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу,
сақтау, тапсыру, жұмсау, жою
қағидаларына 2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОБЛЫСТАРЫ, АУДАНДАРЫ КОДТАРЫНЫҢАНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Об­лыс
Об­лы­стың ко­ды
Аудан­ның ко­ды
Ата­уы
(қа­зақ­ша)
Ата­уы
(орыс­ша)
АҚ­МО­ЛА ОБ­ЛЫ­СЫ
АК­МО­ЛИН­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1902
204
АҚ­КӨЛ АУДА­НЫ
АК­КОЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
207
АСТ­РА­ХАН АУДА­НЫ
АСТ­РА­ХАН­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
210
АТ­БА­САР АУДА­НЫ
АТ­БА­САР­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
211
ЖАР­ҚАЙ­ЫҢ АУДА­НЫ
ЖАР­КА­ИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
212
ЗЕ­РЕН­ДІ АУДА­НЫ
ЗЕ­РЕН­ДИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
214
САН­ДЫҚ­ТАУ АУДА­НЫ
САН­ДЫК­ТА­УС­КИЙ РАЙ­ОН
1902
217
АР­ША­ЛЫ АУДА­НЫ
АР­ША­ЛЫН­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
218
ЕСІЛ АУДА­НЫ
ЕСИЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
220
ЕРЕЙ­МЕН­ТАУ АУДА­НЫ
ЕРЕЙ­МЕН­ТА­УС­КИЙ РАЙ­ОН
1902
222
ЖАҚ­СЫ АУДА­НЫ
ЖАК­СЫН­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
227
ЕГІН­ДІ­КӨЛ АУДА­НЫ
ЕГИН­ДЫ­КОЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
230
ҚОР­ҒАЛ­ЖЫН АУДА­НЫ
КОР­ГАЛ­ЖЫН­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
234
БҰ­ЛАН­ДЫ АУДА­НЫ
БУ­ЛАН­ДЫН­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
246
ЦЕ­ЛИ­НО­ГРАД АУДА­НЫ
ЦЕ­ЛИ­НО­ГРАД­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
249
ШОР­ТАН­ДЫ АУДА­НЫ
ШОР­ТАН­ДИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1902
250
БУ­РА­БАЙ
БУ­РА­БАЙ­СКИЙ
1902
255
БІР­ЖАН САЛ АУДА­НЫ
БИР­ЖАН САЛ РАЙ­ОН
1902
402
КӨК­ШЕ­ТАУ
КОК­ШЕ­ТАУ
1902
403
АТ­БА­САР
АТ­БА­САР
1902
406
СТЕП­НО­ГОР
СТЕП­НО­ГОРСК
АҚ­ТӨ­БЕ ОБ­ЛЫ­СЫ
АК­ТЮ­БИН­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1904
206
АЛ­ҒА АУДА­НЫ
АЛ­ГИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
209
БАЙ­ҒА­НИН АУДА­НЫ
БАЙ­ГА­НИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
214
ЫР­ҒЫЗ АУДА­НЫ
ИР­ГИЗ­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
220
ӘЙ­ТЕ­КЕ БИ АУДА­НЫ
АЙ­ТЕ­КЕ­БИЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
230
ҚАР­ҒА­ЛЫ АУДА­НЫ
КАР­ГА­ЛИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
234
МӘР­ТӨК АУДА­НЫ
МАР­ТУК­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
237
МҰ­ҒАЛ­ЖАР АУДА­НЫ
МУ­ГАЛ­ЖАР­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
240
ХРОМ­ТАУ АУДА­НЫ
ХРОМ­ТА­УС­КИЙ РАЙ­ОН
1904
248
ТЕ­МІР АУДА­НЫ
ТЕ­МИР­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
251
ОЙ­ЫЛ АУДА­НЫ
УИЛ­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
254
ҚОБ­ДА АУДА­НЫ
ХОБ­ДИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
258
ШАЛ­ҚАР АУДА­НЫ
ШАЛ­КАР­СКИЙ РАЙ­ОН
1904
401
АҚ­ТӨ­БЕ
АК­ТО­БЕ
АЛ­МА­ТЫ ОБ­ЛЫ­СЫ
АЛ­МА­ТИН­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1907
203
АҚ­СУ АУДА­НЫ
АК­СУС­КИЙ РАЙ­ОН
1907
204
БАЛ­ҚАШ АУДА­НЫ
БАЛ­ХАШ­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
206
АЛА­КӨЛ АУДА­НЫ
АЛА­КОЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
208
ЖАМ­БЫЛ АУДА­НЫ
ЖАМ­БЫЛ­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
211
ІЛЕ АУДА­НЫ
ИЛИЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
214
ҚА­РА­САЙ АУДА­НЫ
КА­РА­САЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
223
ҚА­РА­ТАЛ АУДА­НЫ
КА­РА­ТАЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
227
РАЙ­ЫМ­БЕК АУДА­НЫ
РАЙ­ЫМ­БЕК­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
228
КЕР­БҰ­ЛАҚ АУДА­НЫ
КЕР­БУ­ЛАК­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
229
КӨК­СУ АУДА­НЫ
КОК­СУС­КИЙ РАЙ­ОН
1907
232
ТАЛ­ҒАР АУДА­НЫ
ТАЛ­ГАР­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
233
ПАН­ФИ­ЛОВ АУДА­НЫ
ПАН­ФИ­ЛОВ­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
236
ҰЙ­ҒЫР АУДА­НЫ
УЙ­ГУР­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
238
САР­ҚАНТ АУДА­НЫ
САР­КАНД­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
242
ЕС­КЕЛ­ДІ АУДА­НЫ
ЕС­КЕЛЬ­ДИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1907
244
ЕҢ­БЕК­ШІ­ҚА­ЗАҚ АУДА­НЫ
ЕН­БЕК­ШИ­КА­ЗАХ­СКИЙ Р-Н
1907
245
КЕ­ГЕН
КЕ­ГЕН­СКИЙ
1907
401
ТАЛ­ДЫ­ҚОР­ҒАН
ТАЛ­ДЫ­КОР­ГАН
1907
404
ҚАП­ША­ҒАЙ
КАП­ЧА­ГАЙ
1907
405
ТЕ­КЕ­ЛІ
ТЕ­КЕ­ЛИ
1907
407
ТАЛ­ҒАР
ТАЛ­ГАР
АЛ­МА­ТЫ
1910
262
ӘУ­Е­ЗОВ
АУЭ­ЗОВ­СКИЙ
1910
264
БО­СТАН­ДЫҚ
БО­СТАН­ДЫК­СКИЙ
1910
267
ЖЕ­ТІ­СУ
ЖЕ­ТЫ­СУС­КИЙ
1910
270
ТУР­КІ­СІБ
ТУРКСИБ­СКИЙ
1910
274
АЛ­МА­ЛЫ
АЛ­МА­ЛИН­СКИЙ
1910
278
МЕ­ДЕУ
МЕ­ДЕ­УС­КИЙ
1910
279
АЛА­ТАУ
АЛА­ТА­УС­КИЙ
1910
280
НА­УРЫ­З­БАЙ
НА­УРЫ­З­БАЙ­СКИЙ
НҰР-СҰЛ­ТАН
НУР-СУЛ­ТАН
1914
201
СА­РЫ­АР­ҚА АУДА­НЫ
СА­РЫ­АР­КА РАЙ­ОН
1914
202
ЕСІЛ АУДА­НЫ
ЕСИЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1914
203
АЛ­МА­ТЫ АУДА­НЫ
АЛ­МА­ТЫ РАЙ­ОН
1914
204
БАЙ­ҚО­ҢЫР
БАЙ­КО­НЫР
АТЫ­РАУ ОБ­ЛЫ­СЫ
АТЫ­РА­УС­КАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1915
204
БА­ЛЫҚ­ШЫ АУДА­НЫ
БА­ЛЫК­ШИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1915
208
ҚҰР­МАН­ҒА­ЗЫ АУДА­НЫ
КУР­МАН­ГА­ЗИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1915
213
ИН­ДЕР АУДА­НЫ
ИН­ДЕР­СКИЙ РАЙ­ОН
1915
215
ИС­А­ТАЙ АУДА­НЫ
ИС­А­ТАЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1915
217
ҚЫ­ЗЫЛ­ҚО­ҒА АУДА­НЫ
КЗЫЛ­КО­ГИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1915
222
МА­ҚАТ АУДА­НЫ
МА­КАТ­СКИЙ РАЙ­ОН
1915
227
МА­ХАМ­БЕТ АУДА­НЫ
МА­ХАМ­БЕТ­СКИЙ РАЙ­ОН
1915
239
ЖЫ­ЛЫОЙ АУДА­НЫ
ЖЫ­ЛЫОЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1915
401
АТЫ­РАУ
АТЫ­РАУ
ШЫ­ҒЫС-ҚА­ЗАҚ­СТАН ОБ­ЛЫ­СЫ
ВО­СТОЧ­НО-КА­ЗАХ­СТАН­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1917
201
АБАЙ АУДА­НЫ
АБАЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1917
207
АЯ­ГӨЗ АУДА­НЫ
АЯ­ГУЗ­СКИЙ РАЙ­ОН
1917
208
ГЛУ­БО­КОВ АУДА­НЫ
ГЛУ­БО­КОВ­СКИЙ РАЙ­ОН
1917
210
БЕС­ҚА­РА­ҒАЙ АУДА­НЫ
БЕС­КА­РА­ГАЙ­СКИЙ Р-Н
1917
213
ЗАЙ­САН АУДА­НЫ
ЗАЙ­САН­СКИЙ РАЙ­ОН
1917
215
АЛ­ТАЙ АУДА­НЫ
АЛ­ТАЙ РАЙ­ОН
1917
217
КА­ТОН-ҚА­РА­ҒАЙ АУДА­НЫ
КА­ТОН-КА­РА­ГАЙ­СКИЙ Р-Н
1917
219
ЖАР­МА АУДА­НЫ
ЖАР­МИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1917
222
КҮР­ШІМ АУДА­НЫ
КУР­ЧУМ­СКИЙ РАЙ­ОН
1917
224
КӨК­ПЕК­ТІ АУДА­НЫ
КОК­ПЕК­ТИН­СКИЙ Р-Н
1917
237
ҰР­ЖАР АУДА­НЫ
УР­ДЖАР­СКИЙ РАЙ­ОН
1917
246
ТАР­БА­ҒА­ТАЙ АУДА­НЫ
ТАР­БА­ГА­ТАЙ­СКИЙ Р-Н
1917
248
БО­РО­ДУ­ЛИ­ХА АУДА­НЫ
БО­РО­ДУ­ЛИ­ХИН­СКИЙ Р-Н
1917
251
ҰЛАН АУДА­НЫ
УЛАН­СКИЙ РАЙ­ОН
1917
254
ШЕ­МО­НАИ­ХА АУДА­НЫ
ШЕ­МО­НАИ­ХИН­СКИЙ Р-Н
1917
401
ӨС­КЕ­МЕН
УСТЬ-КА­МЕ­НО­ГОРСК
1917
405
КУР­ЧА­ТОВ
КУР­ЧА­ТОВ
1917
407
РИД­ДЕР
РИД­ДЕР
1917
412
СЕ­МЕЙ
СЕ­МЕЙ
ЖАМ­БЫЛ ОБ­ЛЫ­СЫ
ЖАМ­БЫЛ­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1919
204
ЖАМ­БЫЛ АУДА­НЫ
ЖАМ­БЫЛ­СКИЙ РАЙ­ОН
1919
207
ЖУ­А­ЛЫ АУДА­НЫ
ЖУ­А­ЛЫН­СКИЙ РАЙ­ОН
1919
216
ҚОР­ДАЙ АУДА­НЫ
КОР­ДАЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1919
220
ТҰ­РАР РЫС­ҚҰ­ЛОВ АУДА­НЫ
ТУ­РА­РА РЫС­КУ­ЛО­ВА Р-Н
1919
225
МЕР­КІ АУДА­НЫ
МЕР­КЕН­СКИЙ РАЙ­ОН
1919
228
МОЙ­ЫН­ҚҰМ АУДА­НЫ
МОЙ­ЫН­КУМ­СКИЙ РАЙ­ОН
1919
232
СА­РЫ­СУ АУДА­НЫ
СА­РЫ­СУС­КИЙ РАЙ­ОН
1919
236
БАЙ­ЗАҚ АУДА­НЫ
БАЙ­ЗАК­СКИЙ РАЙ­ОН
1919
240
ТА­ЛАС АУДА­НЫ
ТА­ЛАС­СКИЙ РАЙ­ОН
1919
244
ШУ АУДА­НЫ
ШУС­КИЙ РАЙ­ОН
1919
370
ТЕ­МІР­ЖОЛ
ЖЕ­ЛЕЗ­НО­ДО­РОЖ­НЫЙ
1919
401
ТА­РАЗ
ТА­РАЗ
1919
404
ЖА­ҢА­ТАС
ЖА­НА­ТАС
1919
407
ҚА­РА­ТАУ
КА­РА­ТАУ
1919
410
ШУ
ШУ
БА­ТЫС-ҚА­ЗАҚ­СТАН ОБ­ЛЫ­СЫ
ЗА­ПАД­НО-КА­ЗАХ­СТАН­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1926
204
БӨ­РІ­ЛІ АУДА­НЫ
БУР­ЛИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1926
208
СЫ­РЫМ АУДА­НЫ
СЫ­РЫМ­СКИЙ РАЙ­ОН
1926
211
ЖАН­ҒА­ЛА АУДА­НЫ
ДЖАН­ГА­ЛИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1926
214
ЖӘНІ­БЕК АУДА­НЫ
ЖА­НИ­БЕК­СКИЙ РАЙ­ОН
1926
218
ЗЕ­ЛЕ­НОВ АУДА­НЫ
ЗЕ­ЛЕ­НОВ­СКИЙ РАЙ­ОН
1926
224
КАЗТА­ЛОВ­КА АУДА­НЫ
КАЗТА­ЛОВ­СКИЙ РАЙ­ОН
1926
227
ТАС­ҚА­ЛА АУДА­НЫ
ТАС­КА­ЛИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1926
230
ҚА­РА­Т­Ө­БЕ АУДА­НЫ
КА­РА­ТО­БИН­СКИЙ Р-Н
1926
244
ТЕ­РЕКТІ АУДА­НЫ
ТЕ­РЕКТИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1926
248
БӨ­КЕЙ­ОР­ДА АУДА­НЫ
БО­КЕЙ­ОР­ДИН­СКИЙ Р-Н
1926
255
АҚ­ЖАЙ­ЫҚ АУДА­НЫ
АК­ЖА­ИК­СКИЙ РАЙ­ОН
1926
258
ШЫҢ­ҒЫР­ЛАУ АУДА­НЫ
ЧИН­ГИР­ЛАУ­С­КИЙ Р-Н
1926
401
ОРАЛ
УРАЛЬСК
ҚА­РА­ҒАН­ДЫ ОБ­ЛЫ­СЫ
КА­РА­ГАН­ДИН­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1930
205
АҚ­ТО­ҒАЙ АУДА­НЫ
АК­ТО­ГАЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1930
208
ҚАР­ҚА­РА­ЛЫ АУДА­НЫ
КАР­КА­РА­ЛИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1930
212
АБАЙ АУДА­НЫ
АБАЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1930
215
ЖА­ҢА­АР­ҚА АУДА­НЫ
ЖА­НА­АР­КИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1930
220
НҰ­РА АУДА­НЫ
НУ­РИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1930
224
ОСА­КА­РОВ АУДА­НЫ
ОСА­КА­РОВ­СКИЙ РАЙ­ОН
1930
226
ШЕТ АУДА­НЫ
ШЕТ­СКИЙ РАЙ­ОН
1930
228
ҰЛЫ­ТАУ АУДА­НЫ
УЛЫ­ТА­УС­КИЙ РАЙ­ОН
1930
234
БҰ­ҚАР ЖЫ­РАУ АУДА­НЫ
БУ­ХАР-ЖЫ­РА­УС­КИЙ Р-Н
1930
401
ҚА­РА­ҒАН­ДЫ
КА­РА­ГАН­ДА
1930
402
ЖЕЗ­ҚАЗ­ҒАН
ЖЕЗ­КАЗ­ГАН
1930
404
БАЛ­ҚАШ
БАЛ­ХАШ
1930
406
ҚА­РА­ЖАЛ
КА­РА­ЖАЛ
1930
408
СА­РАН
СА­РАНЬ
1930
409
СӘТ­БА­ЕВ
САТ­ПА­ЕВ
1930
411
ТЕ­МІР­ТАУ
ТЕ­МИР­ТАУ
1930
412
ПРИ­ОЗЕР
ПРИ­ОЗЕРСК
1930
414
ШАХ­ТИНСК
ШАХ­ТИНСК
ҚЫ­ЗЫ­ЛОР­ДА ОБ­ЛЫ­СЫ
КЫ­ЗЫ­ЛОР­ДИН­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1933
204
АРАЛ АУДА­НЫ
АРАЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1933
208
ЖА­ЛА­ҒАШ АУДА­НЫ
ЖА­ЛА­ГАШ­СКИЙ РАЙ­ОН
1933
213
ҚА­ЗА­ЛЫ АУДА­НЫ
КА­ЗА­ЛИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1933
216
ҚАР­МАҚ­ШЫ АУДА­НЫ
КАР­МАК­ШИН­СКИЙ Р-Н
1933
222
СЫР­ДА­РИЯ АУДА­НЫ
СЫР­ДА­РЬИН­СКИЙ Р-Н
1933
232
ШИ­Е­ЛІ АУДА­НЫ
ШИ­Е­ЛИЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1933
238
ЖА­ҢА­ҚОР­ҒАН АУДА­НЫ
ЖА­НА­КОР­ГАН­СКИЙ Р-Н
1933
401
ҚЫ­ЗЫ­ЛОР­ДА
КЫ­ЗЫ­ЛОР­ДА
1933
404
БАЙ­ҚО­ҢЫР
БАЙ­КО­НЫР
1933
456
ТӨ­РЕ­ТАМ
ТЮ­РЕ­ТАМ
ҚО­СТА­НАЙ ОБ­ЛЫ­СЫ
КО­СТА­НАЙ­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1937
203
МЕҢ­ДІ­ҚА­РА АУДА­НЫ
МЕН­ДЫ­КА­РИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
204
АМАН­ГЕЛ­ДІ АУДА­НЫ
АМАН­ГЕЛЬ­ДИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
206
ЖІ­ТІ­ҚА­РА АУДА­НЫ
ЖИ­ТИ­КА­РИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
210
ҚА­МЫСТЫ АУДА­НЫ
КА­МЫСТИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
214
ҚА­РА­СУ АУДА­НЫ
КА­РА­СУС­КИЙ РАЙ­ОН
1937
216
ЖАН­ГЕЛ­ДИН АУДА­НЫ
ЖАН­ГЕЛЬ­ДИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
218
ҚА­РА­БА­ЛЫҚ АУДА­НЫ
КА­РА­БА­ЛЫК­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
222
ҚО­СТА­НАЙ АУДА­НЫ
КО­СТА­НАЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
226
ҰЗЫН­КӨЛ АУДА­НЫ
УЗУН­КОЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
232
НА­УР­ЗЫМ АУДА­НЫ
НА­УР­ЗУМ­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
236
ДЕ­НИ­СОВ АУДА­НЫ
ДЕ­НИ­СОВ­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
240
ӘУ­ЛИЕ­КӨЛ АУДА­НЫ
АУЛИЕ­КОЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
244
БЕЙ­ІМ­БЕТ МАЙ­ЛИН АУДА­НЫ
БЕ­ИМ­БЕТ МАЙ­ЛИ­НА РАЙ­ОН
1937
246
АЛ­ТЫН­СА­РИН АУДА­НЫ
АЛ­ТЫН­СА­РИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
248
СА­РЫ­КӨЛ АУДА­НЫ
СА­РЫ­КОЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
252
ФЕ­ДО­РОВ АУДА­НЫ
ФЕ­ДО­РОВ­СКИЙ РАЙ­ОН
1937
401
ҚО­СТА­НАЙ
КО­СТА­НАЙ
1937
406
ЛИ­СА­КОВСК
ЛИ­СА­КОВСК
1937
408
РУД­НЫЙ
РУД­НЫЙ
1937
410
АР­ҚА­ЛЫҚ
АР­КА­ЛЫК
МАН­ҒЫ­СТАУ ОБ­ЛЫ­СЫ
МАН­ГИ­СТА­УС­КАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1943
205
БЕЙ­НЕУ АУДА­НЫ
БЕЙ­НЕ­УС­КИЙ РАЙ­ОН
1943
210
ҚА­РА­ҚИЯ АУДА­НЫ
КА­РА­КИ­ЯН­СКИЙ РАЙ­ОН
1943
216
МАҢ­ҒЫ­СТАУ АУДА­НЫ
МАН­ГИ­СТА­УС­КИЙ РАЙ­ОН
1943
225
ТҮП­ҚА­РА­ҒАН АУДА­НЫ
ТУП­КА­РА­ГАН­СКИЙ РАЙ­ОН
1943
226
МҰ­НАЙ­ЛЫ АУДА­НЫ
МУ­НАЙ­ЛИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1943
401
АҚ­ТАУ
АК­ТАУ
1943
404
ЖА­ҢА­Ө­ЗЕН
ЖА­НА­О­ЗЕН
ПАВ­ЛО­ДАР ОБ­ЛЫ­СЫ
ПАВ­ЛО­ДАР­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1945
204
БА­Я­НА­УЫЛ АУДА­НЫ
БА­Я­НА­УЛЬ­СКИЙ РАЙ­ОН
1945
213
ЖЕ­ЛЕ­ЗИН АУДА­НЫ
ЖЕ­ЛЕ­ЗИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1945
217
ЕР­ТІС АУДА­НЫ
ИР­ТЫШ­СКИЙ РАЙ­ОН
1945
222
ҚА­ШЫР АУДА­НЫ
КА­ЧИР­СКИЙ РАЙ­ОН
1945
226
АҚ­ТО­ҒАЙ АУДА­НЫ
АК­ТО­ГАЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1945
229
ЛЕ­БЯ­ЖЬЕ АУДА­НЫ
ЛЕ­БЯ­ЖИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1945
232
МАЙ АУДА­НЫ
МАЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1945
239
ПАВ­ЛО­ДАР АУДА­НЫ
ПАВ­ЛО­ДАР­СКИЙ РАЙ­ОН
1945
242
УСПЕН АУДА­НЫ
УСПЕН­СКИЙ РАЙ­ОН
1945
245
ШАР­БАҚ­ТЫ АУДА­НЫ
ЩЕР­БАК­ТИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1945
401
ПАВ­ЛО­ДАР
ПАВ­ЛО­ДАР
1945
404
АҚ­СУ
АК­СУ
1945
408
ЕКІ­БА­СТҰЗ
ЭКИ­БА­СТУЗ
СОЛ­ТҮ­СТІК-ҚА­ЗАҚ­СТАН ОБ­ЛЫ­СЫ
СЕ­ВЕ­РО-КА­ЗАХ­СТАН­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1948
204
ҚЫ­ЗЫ­Л­ЖАР АУДА­НЫ
КЫ­ЗЫ­Л­ЖАР­СКИЙ РАЙ­ОН
1948
207
М.ЖҰ­МА­БА­ЕВ АУДА­НЫ
М.ЖУ­МА­БА­Е­ВА Р-Н
1948
209
АЙ­ЫР­ТАУ АУДА­НЫ
АЙ­ЫР­ТА­УС­КИЙ РАЙ­ОН
1948
213
ЖАМ­БЫЛ АУДА­НЫ
ЖАМ­БЫЛ­СКИЙ РАЙ­ОН
1948
216
ЕСІЛ АУДА­НЫ
ЕСИЛЬ­СКИЙ
1948
218
УӘ­ЛИ­ХА­НОВ АУДА­НЫ
УА­ЛИ­ХА­НОВ­СКИЙ Р-Н
1948
219
МАМ­ЛЮТ АУДА­НЫ
МАМ­ЛЮТ­СКИЙ РАЙ­ОН
1948
224
ТАЙ­ЫН­ША АУДА­НЫ
ТАЙ­ЫН­ШИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1948
226
ҒА­БИТ МҮ­СІ­РЕ­ПОВ АУДА­НЫ
ГА­БИ­ТА МУ­СРЕ­ПО­ВА Р-Н
1948
232
ШАЛ АҚЫН АУДА­НЫ
ШАЛ АКЫ­НА РАЙ­ОН
1948
235
АҚ­ЖАР АУДА­НЫ
АК­ЖАР­СКИЙ РАЙ­ОН
1948
238
АҚ­ҚАЙ­ЫҢ АУДА­НЫ
АК­КАЙ­ЫН­СКИЙ РАЙ­ОН
1948
242
ТИ­МИ­РЯ­ЗЕВ АУДА­НЫ
ТИ­МИ­РЯ­ЗЕВ­СКИЙ Р-Н
1948
401
ПЕТ­РО­ПАВЛ
ПЕТ­РО­ПАВ­ЛОВСК
ШЫМ­КЕНТ
1959
361
АБАЙ
АБАЙ­СКИЙ
1959
364
ӘЛ-ФА­РА­БИ
АЛЬ-ФА­РА­БИЙ­СКИЙ
1959
368
ЕҢ­БЕК­ШІ
ЕН­БЕК­ШИН­СКИЙ
1959
369
ҚА­РА­ТАУ
КА­РА­ТАУ
ТҮР­КІ­СТАН ОБ­ЛЫ­СЫ / ТУР­КЕ­СТАН­СКАЯ ОБ­ЛАСТЬ
1960
203
БӘЙ­ДІ­БЕК АУДА­НЫ
БАЙ­ДИ­БЕ­КА РАЙ­ОН
1960
208
ОР­ДАБ­А­СЫ АУДА­НЫ
ОР­ДАБ­А­СЫН­СКИЙ Р-Н
1960
210
МАҚ­ТА­АРАЛ АУДА­НЫ
МАХ­ТА­АРАЛЬ­СКИЙ Р-Н
1960
217
ОТЫ­РАР АУДА­НЫ
ОТРАР­СКИЙ РАЙ­ОН
1960
223
ТӨ­ЛЕ БИ АУДА­НЫ
ТО­ЛЕ­БИЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1960
226
ҚАЗЫҒ­ҰРТ АУДА­НЫ
КАЗЫГ­УРТ­СКИЙ РАЙ­ОН
1960
234
САЙ­РАМ АУДА­НЫ
САЙ­РАМ­СКИЙ РАЙ­ОН
1960
237
СА­РЫА­ҒАШ АУДА­НЫ
СА­РЫА­ГАШ­СКИЙ РАЙ­ОН
1960
243
СО­ЗАҚ АУДА­НЫ
СУЗАК­СКИЙ РАЙ­ОН
1960
249
ТҮЛ­КІ­БАС АУДА­НЫ
ТЮЛЬ­КУ­БАС­СКИЙ Р-Н
1960
252
ШАР­ДА­РА АУДА­НЫ
ШАР­ДА­РИН­СКИЙ РАЙ­ОН
1960
256
КЕ­ЛЕС АУДА­НЫ
КЕ­ЛЕС­СКИЙ РАЙ­ОН
1960
258
ЖЕ­ТІ­САЙ АУДА­НЫ
ЖЕ­ТЫ­САЙ­СКИЙ РАЙ­ОН
1960
403
АРЫС
АРЫСЬ
1960
406
КЕН­ТАУ
КЕН­ТАУ
1960
412
ТҮР­КІ­СТАН
ТУР­КЕ­СТАН
ШЕ­ТЕЛ
9999
404
БАЙ­ҚО­ҢЫР
БАЙ­КО­НЫР
9999
456
ТӨ­РЕ­ТАМ
ТЮ­РЕ­ТАМ
9999
500
ҚР ІІМ КҚҚК
КМС МВД РК
9999
600
ҚР СІМ КҚД
ДКС МИД РК
9999
999
ШЕ­ТЕЛ
ЗА­ГРА­НИ­ЦА

Қолданыстағы