О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 31 марта 2016 года № 65 «Об утверждении Правил деятельности Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 31 марта 2016 года № 65 «Об утверждении Правил деятельности Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 66
- Қабылданған күні
- 20.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2020 143330_464992.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020760
- ЭКБ идентификаторы
- 143330
- Редакция идентификаторы
- 143330_464992
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:27
0 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13653 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызмет қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Академия қызметінің негізгі міндеттері:
1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру;
2) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру;
4) құқық қорғау органдарына қызметке алғашқы рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлық.».