Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 290 «Об определении размера черты бедности»

Бұйрық · № 135 · қабылданған 20.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2017-no-290-ekb-129879/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 290 «Об определении размера черты бедности» Күшін жойған Бұйрық ·№ 135 ·20.03.2019
01.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 290 «Об определении размера черты бедности»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 135 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 290 «Об определении размера черты бедности»
Атауы (қаз.)
«Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
135
Қабылданған күні
20.03.2019
Көрсетілген редакция
01.07.2023 129879_639289.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018409
ЭКБ идентификаторы
129879
Редакция идентификаторы
129879_639289
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:44

0 «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2–бабының 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15766 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде, егер көрсетілген кезең үшін жергілікті атқарушы органдар есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен төмен болған жағдайда, онда кедейлік шегі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болмайтын мөлшерде айқындалады.
2) 2019 жылғы 1 сәуірден бастап – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен 70 пайыздан төмен болмайтын мөлшерде айқындалады.».
2-тармақтың 4-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«4) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;».

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарламаларына ұсынуды;

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы