Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 357 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-14/2020 · қабылданған 03.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2017-no-357/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 357 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения» Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-14/2020 ·03.03.2020
11.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 357 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения»

Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-14/2020 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 357 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения»
Атауы (қаз.)
Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
ҚР ДСМ-14/2020
Қабылданған күні
03.03.2020
Көрсетілген редакция
11.08.2020 140117_476791.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020098
ЭКБ идентификаторы
140117
Редакция идентификаторы
140117_476791
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:49

0 Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің

2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы

31 мамырдағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15760 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілісін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Ғимараттардың цоколдық және жертөле қабаттарында операциялық, таңып-байлау, емшара, манипуляциялық, босандыру, стоматологиялық кабинеттер, науқастарға арналған қабылдау және палаталық бөлімшелер орналастырылмайды.
Ғимараттардың цоколдық және жертөле қабаттарында қалпына келтіру емінің үй-жайлары мен кабинеттерін (емдік дене шынықтыру залдары, емдік бассейндер, сумен емдеу үй-жайлары, массаж кабинеттері), сондай-ақ табиғи жарықтандыру ұйымдастырылған жағдайда электр-жарықпен емдеу кабинеттерін орналастыруға жол беріледі.»;
23-тармақ алынып тасталсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Желдеткіш жүйесінің жабдығы сыртқа тарту және сору жүйелері үшін бөлек үй-жайларда орналастырылады.
Шу мен дірілді оқшаулау жөніндегі іс-шаралар орындалған жағдайда жұмыс кабинеттерін, операциялық бөлімдерді, палаталарды, адамдар үнемі болатын үй-жайларды желдеткіш жүйесінің техникалық үй-жайларына тігінен және көлденеңінен жапсарлас орналастыруға жол беріледі.»;
48-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 148-1, 148-2, 148-3 және 148-4 тармақтармен толықтырылсын:
«148-1. Гемодиализ бөлімшесіндегі тазартылған су стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
148-2. Эпидемиялық тұрғыдан гемодиализге арналған судың қауіпсіздігі оның осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада белгіленген микробиологиялық көрсеткіштер және эндотоксиннің болуы бойынша талаптарға сәйкес келуі арқылы айқындалады. Гемодиализге арналған судың физикалық-химиялық көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға
7-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
148-3. Гемодиализге арналған су өндірістік бақылау жүргізу шеңберінде тоқсанына 1 рет, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілеріне ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кезінде зерттеледі.
148-4. Гемодиализге арналған судың сапасын өндірістік бақылауды гемодиализ жабдығын пайдалануды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға жүзеге асырады.
Судың сапасы тоған орындарында, су тазарту жүйесінен өткеннен кейін және гемодиализ аппаратына түсу алдында бақыланады.»;
197-тармақ алынып тасталсын;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда 6 және
7-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің
20__ж. «__» _______
№ ______ бұйрығына
1-қосымша
«Денсаулық сақтау
объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына 6-қосымша
Көрсеткіштің атауы
Көрсеткіштің мәні
Сынау әдісі
Жалпы микробтық сан,
КОЭ/см3, кем
100
ГОСТ 31942 бойынша
Орташа микробтық сан,
КОЭ/см3, кем
50
ISO 13959-2014 бойынша
Эндотоксиндер құрамы,
ЕЭ/см3, кем
0,25
5.2 бойынша

2 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің
20__ж. «__» _______
№ ______ бұйрығына
2-қосымша
«Денсаулық сақтау
объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына 7-қосымша
Көрсеткіштің атауы
Көрсеткіштің мәні
Сынау әдісі
Меншікті электр өткізгіші, мкСм/cм, артық емес
5,0
ГОСТ 6709 бойынша
Алюминийдің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,0100
ГОСТ 31870 бойынша
Сүрменің массалық шоғырлануы, мг/дм, артық емес
0,0060
ГОСТ 31870 бойынша
Күшәннің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,0050
ГОСТ 31870 бойынша
Барийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес
0,1000
ГОСТ 31870 бойынша
Бериллийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес
0,0004
ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 18294 бойынша
Кадмийдің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,0010
ГОСТ 31870 бойынша
Кальцийдің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
2,0
ГОСТ 31870
немесе ГОСТ 23268.5 бойынша
Хлораминнің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес
0,1000
ГОСТ 18190 бойынша
Хромның массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,0140
ГОСТ 31870 бойынша
Жездің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,1000
ГОСТ 31870
немесе ГОСТ 4388 бойынша
Цианидтердің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,0200
ГОСТ 4386 бойынша
Фторидтердің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,2000
ГОСТ 4386 бойынша
Бос қалдықты хлордың массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,5000
ГОСТ 18190 бойынша
Қорғасынның массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,0050
ГОСТ 31870
немесе ГОСТ 18293 бойынша
Магнийдің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
2,0
ГОСТ 31870
немесе ГОСТ 23268.5 бойынша
Сынаптың массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,0002
ГОСТ 31950 бойынша
Нитраттардың массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
2,000
ГОСТ 33045 бойынша
Калийдің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
2,0
ГОСТ 23268.7 немесе ГОСТ 31870 бойынша
Селеннің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,0900
ГОСТ 31870
немесе ГОСТ 19413 бойынша
Күмістің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,0050
ГОСТ 31870
немесе ГОСТ 18293 бойынша
Натрийдің массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
50
ГОСТ 31870
немесе ГОСТ 23268.6 бойынша
Сульфаттардың массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
100
ГОСТ 4389 бойынша
Қалайының массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,1000
ГОСТ 31870 бойынша
Мырыштың массалық шоғырлануы,
мг/см, артық емес
0,1000
ГОСТ 31870
немесе ГОСТ 18293 бойынша

Қолданыстағы