О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 375 «Об утверждении Правил перевода осужденного для поддержания социально полезных связей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 375 «Об утверждении Правил перевода осужденного для поддержания социально полезных связей»
- Атауы (қаз.)
- «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 27.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2020 139996_447022.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020089
- ЭКБ идентификаторы
- 139996
- Редакция идентификаторы
- 139996_447022
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:52
0 «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы
байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 375 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15332 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне 2017 жылғы 20 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларында:
16 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Өтінішті қарау кезінде мынадай негізгі өлшемшарттар сақталады:
сотталғанның теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы;
ҚАК-тың 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасы бойынша ауыстырылған сотталғанның оң мінез - құлық дәрежесінің болуы;
әлеуметтік пайдалы байланысын растайтын құжаттардың болуы;
кездесулер, хат алысулар, телефон арқылы сөйлесулер, сауқаттар (бандерольдер) жіберу арқылы әлеуметтік пайдалы байланысын растауы;
мекеменің тиісті түрінің болуы;
туыстарының тұрғылықты жері бойынша тіркелу мерзімі кемінде алты ай болуы;
осы мекеме үшін бекітілген лимит шегінде мекемеде орындардың болуы.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
2019 жылғы « » ________