О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 375 «Об утверждении Правил перевода осужденного для поддержания социально полезных связей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 375 «Об утверждении Правил перевода осужденного для поддержания социально полезных связей»
- Атауы (қаз.)
- «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 584
- Қабылданған күні
- 29.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2021 159146_540368.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024603
- ЭКБ идентификаторы
- 159146
- Редакция идентификаторы
- 159146_540368
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:32
0 «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15332 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ауыстыру мәселесін қарау үшін сотталғанның немесе оның туыстарының өтініштері (бұдан әрі - өтініш) негіз болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінішті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі - ӘРПК) сәйкес ҚАЖ комитеті қарайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мекеме әкімшілігі сотталғанға ҚАК, ӘРПК, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарын түсіндіреді және қажет болған кезде оған құжаттармен толықтыруды немесе өтініштің мазмұнын түзетуге ұсыныс жасайды.»;
15-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
«___»_______ 2021 жыл