Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 93 «Об утверждении Правил проведения межведомственных научных исследований в сфере правоохранительной деятельности, их координации и мониторинга»

Бұйрық · № 156 · қабылданған 23.12.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2017-no-93/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 93 «Об утверждении Правил проведения межведомственных научных исследований в сфере правоохранительной деятельности, их координации и мониторинга» Күшін жойған 17.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 93 «Об утверждении Правил проведения межведомственных научных исследований в сфере правоохранительной деятельности, их координации и мониторинга»

Күшін жойған Бұйрық № 156 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 93 «Об утверждении Правил проведения межведомственных научных исследований в сфере правоохранительной деятельности, их координации и мониторинга»
Атауы (қаз.)
«Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156
Қабылданған күні
23.12.2020
Көрсетілген редакция
17.01.2023 150660_616204.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021929
ЭКБ идентификаторы
150660
Редакция идентификаторы
150660_616204
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:51
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15795 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингі қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру – құқық қорғау органдары қызметінің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің барлық субъектілерінің өзара әрекеттесуіне бағытталған қызмет;»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Академияның құқық қорғау органдарымен, олардың ведомстволық ғылыми мекемелерімен және білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесуі»;
11-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ВҒЗ тақырыптарын бекіту үшін жыл сайын төртінші тоқсанда, 25 желтоқсаннан кешіктірілмей Академияның ҒӘК отырысы ұйымдастырылады және өткізіледі, зерттеу субъектілеріне ҒӘК жұмысының нәтижелері туралы хабардар етіледі.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Академияның сұрау салуына сәйкес ВҒЗ мониторингін өткізу үшін құқық қорғау органдары және олардың ведомстволық ғылыми мекемелері мен білім беру ұйымдары ВҒЗ нәтижелерін (ғылыми зерттеулер индикаторлары бойынша мәліметтерді көрсете отырып), ВҒЗЖ туралы қорытынды есептерді, зерттеу материалдары мен енгізу актілерін Академияға 25 қаңтарға қарай жолдайды.»;
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Жүргізілетін ВҒЗ тиімділігін анықтау осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес ВҒЗ индикаторлар кестесімен өлшенетін көрсеткіштер бойынша рейтингілік жүйе ұпайларының қосындысы негізінде жүзеге асырылады.
29. ВҒЗ мониторингін Академия жыл сайын бірінші тоқсанда, 25 наурыздан кешіктірмей жүргізеді.»;
31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Мониторинг нәтижелері екінші тоқсанда Академияның ҒӘК отырысында қаралады, онда жүргізілетін зерттеулердің, авторлық ұжымдардың не жекелеген орындаушылардың жұмыстарының тиімділігі бағаланады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. ВҒЗ мониторингінің нәтижелері Академияның ҒӘК отырысында бекітілгеннен кейін 5 (бес) күн ішінде Академияның ресми сайтына орналастырылады.»;
Ведомствоаралық ғылыми зерттеу индикаторларының кестесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Ведомствоаралық ғылыми зерттеу индикаторларының кестесі

Казақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 156 бұйрығына қосымша
Құқық қорғау қызметі
саласында ведомствоаралық ғылыми
зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру
және мониторингі қағидаларына
3-қосымша
Ведомствоаралық ғылыми зерттеу индикаторларының кестесі

Ин­ди­ка­тор көр­сет­кі­ші (со­ның ішін­де жүр­гі­зі­ле­тін зерт­теу ая­сын­да дай­ын­дал­ған және пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар)
Ұпай
Ес­кер­ту
Ав­тор­лық ұжым құ­ра­мы
1.
Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі
5
2.
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың өкіл­де­рі
3
3.
Ав­тор­лық ұжым­ның дә­ре­же­лен­ген қа­ты­су­шы­ла­ры (бір­лік үшін)
5
4.
Ав­тор­лық ұжым­ның ше­тел­дік қа­ты­су­шы­ла­ры (бір­лік үшін)
5
Ғы­лы­ми ең­бек­тер­ді шы­ға­ру (бір­лік үшін):
5.
Кри­ми­но­ло­ги­я­лық фо­рум, дөң­ге­лек үстел жи­на­ғы
10
6.
Дис­сер­та­ция, әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар
20
7.
Мо­но­гра­фия, оқу құ­рал­да­ры
40
Ғы­лы­ми ма­қа­ла (бір­лік үшін):
8.
Қа­зақ­стан­дық ба­сы­лым­дар­да
3
9.
ТМД ел­де­рі­нің ба­сы­лым­да­рын­да
4
10.
Ше­тел­дік ба­сы­лым­да
6
11.
Ғы­лы­ми қыз­мет­тің негіз­гі нәти­же­ле­рін жа­ри­я­лау үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі ұсын­ған ба­сы­лым­дар­да
10
12.
РҒ­ДИ ба­за­сы­на кі­ре­тін ха­лы­қа­ра­лық ба­сы­лым­дар­да
15
13.
Web of Science Core Collection, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index, Scopus ба­за­сы­на кі­ре­тін ха­лы­қа­ра­лық ба­сы­лым­дар­да
20
Ғы­лы­ми іс-ша­ра­лар
14.
Ғы­лы­ми зерт­те­улер бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар­ға, дөң­ге­лек үстел­дер­ге, се­ми­нар­лар­ға қа­ты­су (бір­лік үшін)
3
15.
Ғы­лы­ми зерт­те­улер бой­ын­ша кон­фе­рен­ци­я­лар­ға, дөң­ге­лек үстел­дер­ге, се­ми­нар­лар­ға қа­ты­су (бір­лік үшін)
2
16.
Кон­фе­рен­ци­я­лар, дөң­ге­лек үстел­дер, ғы­лы­ми се­ми­нар­лар және бас­қа­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу (бір­лік үшін)
10
17.
ТМД ел­де­рі са­рап­шы­ла­ры­ның қа­ты­суы­мен кон­фе­рен­ци­я­лар, дөң­ге­лек үстел­дер, ғы­лы­ми се­ми­нар­лар ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу
15
18.
Ше­тел са­рап­шы­ла­ры­ның қа­ты­суы­мен ғы­лы­ми іс-ша­ра­лар (кон­фе­рен­ци­я­лар, дөң­ге­лек үстел­дер, ғы­лы­ми се­ми­нар­лар және т.б.) ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу
20
Прак­ти­ка­лық ақ­па­рат­ты пай­да­ла­ну:
19.
Аза­мат­тық, әкім­ші­лік және қыл­мыстық іс­тер ма­те­ри­ал­да­рын тал­дау нәти­же­ле­рі
3
20.
Сұх­бат, ғы­лы­ми экс­пе­ри­мент, мо­дель­деу жүр­гі­зу және нәти­же­ле­рін қо­ры­ту
10
Ве­дом­ство­ара­лық ғы­лы­ми зерт­те­улер нәти­же­ле­рін ен­гі­зу
21.
Оқу про­це­сіне
5
22.
Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның прак­ти­ка­лық қыз­ме­тіне
20
23.
Нор­ма шы­ғар­ма­шы­лық­қа
40
Ұпай­лар­дың қо­ры­тын­ды жиын­тығы
Тө­мен ұпай:
15-54 Ор­та­ша ұпай:
55-129 Жо­ға­ры ұпай:
130 және одан да көп