О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 1192 «Об утверждении правил предоставления статистической и иной отчетной информации в области государственной регистрации прав на недвижимое имущество»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 1192 «Об утверждении правил предоставления статистической и иной отчетной информации в области государственной регистрации прав на недвижимое имущество»
- Атауы (қаз.)
- «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1192 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 313
- Қабылданған күні
- 20.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2021 155152_520953.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022603
- ЭКБ идентификаторы
- 155152
- Редакция идентификаторы
- 155152_520953
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:32
0 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы
статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы
2018 жылғы 31 шілдедегі № 1192 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1192 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17348 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларына:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әділет департаменттері тоқсан сайын өсу қорытындысымен келесі есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне қарай Әділет министрлігіне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағым арыздар туралы есеп нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағым арыздар туралы есепті электронды түрде ұсынады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы