О внесении изменения в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 31 мая 2018 года № 20-1 «О ставках на земельный налог»
Қолданыста
Өзге акт
·№ 2-14
·
30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 31 мая 2018 года № 20-1 «О ставках на земельный налог»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2-14
- Қабылданған күні
- 08.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2021 154661_522339.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21SB007289
- ЭКБ идентификаторы
- 154661
- Редакция идентификаторы
- 154661_522339
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:44
0 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының
2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 «Жер салығының
мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505 және 506-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызына арттырылсын.
Осы тармақтың ережелері Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.».