Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Айтекебийского районного маслихата от 31 мая 2018 года № 217 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Айтекебийского района»

Өзге акт · № 11 · қабылданған 13.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2018-no-217/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Айтекебийского районного маслихата от 31 мая 2018 года № 217 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Айтекебийского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 11 ·13.04.2023
13.04.2023 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Айтекебийского районного маслихата от 31 мая 2018 года № 217 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Айтекебийского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 11 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Айтекебийского районного маслихата от 31 мая 2018 года № 217 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Айтекебийского района»
Атауы (қаз.)
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 217 «Әйтеке би ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11
Қабылданған күні
13.04.2023
Көрсетілген редакция
13.04.2023 180002_625581.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23CB00011M
ЭКБ идентификаторы
180002
Редакция идентификаторы
180002_625581
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:52

0 Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 217 «Әйтеке би ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 217 «Әйтеке би ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-158 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
4–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аппаратының шешімдерін келісу;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы