О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 31 мая 2018 года № 239 «Об утверждении Требований по развитию архитектуры «электронного правительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 31 мая 2018 года № 239 «Об утверждении Требований по развитию архитектуры «электронного правительства»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 405/НҚ
- Қабылданған күні
- 31.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2024 173469_711201.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030426
- ЭКБ идентификаторы
- 173469
- Редакция идентификаторы
- 173469_711201
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:15
0 «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық трансформация департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2022 жылғы 31 қазандағы
№ 405/НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ 239 бұйрығымен
бекітілген
«Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар
1 1. Осы «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2 2. Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1 1) «электрондық үкіметтің» архитектурасы – тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;
2 2) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;
3 3) реинжиниринг – ұйым қызметінің тиімділігін, сапасын және нәтижелілігін арттыру мақсатында ағымдағы жұмыс процесін қайта өзгерту;
4 4) деректерді басқару – деректерді айқындауға, құруға, жинауға, жинақтауға, сақтауға, таратуға, жоюға, қолдауға, сондай-ақ олардың талдауын, сапасын, қолжетімділігін, қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты процесс.
3 3. «Электрондық үкiметтiң» архитектурасын «электрондық үкімет» сервистік интеграторы дамытуды қамтамасыз етеді.
4 4. «Электрондық үкімет» архитектурасын дамыту оны ағымдағы жай - күйден жоспарлы нысаналы жай-күйге - цифрлық мемлекетке біртіндеп көшірудің тұрақты серпінді процесі болып табылады.
5 5. «Электрондық үкімет» архитектурасының жоспарлы нысаналы жай-күйі мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген басымдықтар негізге алына отырып айқындалады.
6 6. «Электрондық үкімет» архитектурасын дамытудың алғышарттары:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері;
мемлекеттік органдардың цифрлық трансформация стратегияларының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу;
бизнес-процестерді реинжинирингтің мақсатты нұсқасына қол жеткізу;
деректерді басқару;
«электрондық үкімет» архитектурасын іске асыру мониторингінің нәтижелері.
7 7. «Электрондық үкімет» архитектурасын дамыту келесі түйінді талаптар негізінде жүзеге асырылады:
цифрлық нысанда көрсетілген мемлекеттік органдардың қызметі мен құрлымы;
ақпараттандыру саласындағы проблемаларды шешудің бірігей тәсілі (мемлекет азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырады);
мемлекеттік қызметтердің барлық жерде және белсенді болуы;
деректерді цифрлық экожүйенің негізгі элементі ретінде пайдалану;
ашық бағдарламалық кодтарға көшу (ақпараттандыру объектісін құруға және пайдалануға арналған шығындар мен оның жұмыс істеуінен алынған экономикалық тиімділік арасындағы ұтымды арақатынас);
мемлекеттік қызметшілер озық технологиялар интеграторы ретінде;
мемлекеттік органдар қызметінің айқындығы мен ашықтығы.