О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 31 июля 2018 года № 32/3-VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Усть-Каменогорске»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 31 июля 2018 года № 32/3-VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Усть-Каменогорске»
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14/5-VIII
- Қабылданған күні
- 26.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2024 192196_715237.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23VA894816
- ЭКБ идентификаторы
- 192196
- Редакция идентификаторы
- 192196_715237
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:20
0 Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 124251 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешім қосымшасында:
3 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
3
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189820 болып тіркелген) бұйрығымен айқындалған тәртіппен есептейді.»;
5 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
5
«5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184492 болып тіркелген).».