Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 31 октября 2018 года № 510 «Об утверждении объемов субсидий»

Қаулы · № 71 · қабылданған 20.02.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2018-no-510/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 31 октября 2018 года № 510 «Об утверждении объемов субсидий» Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·20.02.2019
19.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 31 октября 2018 года № 510 «Об утверждении объемов субсидий»

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 31 октября 2018 года № 510 «Об утверждении объемов субсидий»
Атауы (қаз.)
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қазанындағы «Субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» № 510 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
20.02.2019
Көрсетілген редакция
19.04.2019 129188_399778.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19D0005061
ЭКБ идентификаторы
129188
Редакция идентификаторы
129188_399778
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:03

0 Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» № 510 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы облысы әкімдігінің «Субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы № 510 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4857 тіркелген, 2018 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2 2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

9 Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы «20» ақпан № 71 қаулысына 1-қосымша

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы «31» қазанындағы № 510 қаулысына 1-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге)
Субсидияланатын көлем
(бас)
Субсидиялар сомасы
(мың теңге)
Етті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
1.1
Тауарлық аналық бас
бас
10 000
3 275
32 728,5
1.2
Асыл тұқымды аналық бас
бас
20 000
1 363
27 260,0
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу:
1.1
отандық немесе ТМД елдерінен импортталған
бас
150 000
315
47 250,0
2.
Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
5 000
3 000
15 000,0
Қой шаруашылығы
1.
Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
1 000
109 001
109 001,0
2.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
2.1
асыл тұқымды аналық басы
бас
2 500
27 903
69 757,5
2.2
тауарлық аналық басы
бас
1 500
73 955
110 932,5
Балара шаруашылығы
1.
Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
балара ұясы
5 000
5 440
27 200,0
Барлығы
439 129,5

10 Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы «20» ақпан № 71 қаулысына 2-қосымша

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы «31» қазанындағы № 510 қаулысына 2-қосымша
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге)
Субсидияланатын
көлем
(тонна)
Субсидиялар сомасы
(мың теңге)
Етті мал шаруашылығы
1.
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату
тiрiдей салмағының бір килограмы
200
271,8
54 367,4
2.
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
қосқан салмағының бір килограмы
200
83,9
16 777,2
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Сүт өндіру құнын арзандату:
1.1
бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық
сынақ салмағының бір килограмы
35
3 910,2
136 858,6
1.2
бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық
сынақ салмағының бір килограмы
20
1 813,6
36 272,7
Жылқы шаруашылығы
1.
Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
килограмм
60
687,1
41 226,7
Түйе шаруашылығы
1.
Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
килограмм
55
503,3
27 678,8
Барлығы
313 181,4

Қолданыстағы