Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 540 «Об утверждении Правил реализации построенного и (или) приобретенного у частных застройщиков жилья в рамках Государственной программы жилищного строительства «Нұрлы жер»

Бұйрық · № 924 · қабылданған 26.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2018-no-540/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 540 «Об утверждении Правил реализации построенного и (или) приобретенного у частных застройщиков жилья в рамках Государственной программы жилищного строительства «Нұрлы жер» Күшін жойған Бұйрық ·№ 924 ·26.12.2018
04.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 540 «Об утверждении Правил реализации построенного и (или) приобретенного у частных застройщиков жилья в рамках Государственной программы жилищного строительства «Нұрлы жер»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 924 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 540 «Об утверждении Правил реализации построенного и (или) приобретенного у частных застройщиков жилья в рамках Государственной программы жилищного строительства «Нұрлы жер»
Атауы (қаз.)
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
924
Қабылданған күні
26.12.2018
Көрсетілген редакция
04.02.2021 127368_509695.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800018047
ЭКБ идентификаторы
127368
Редакция идентификаторы
127368_509695
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:44

0 «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 540 бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы

1

1. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17373 болып тіркелген, 2018 жылғы
17 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді өткізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ЖАО Бағдарламаға қатысушыларға кредиттік тұрғын үйді өткізу бойынша мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.
ЖАО кредиттік тұрғын үйі 6 ай ішінде мынадай тәсілдермен:
1) салымшыларға және кезекте тұрған адамдарға «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚТҚЖБ) арқылы;
2) екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) ипотекалық қарыздары арқылы өткізіледі.
ЖАО екі тәсілді бір уақытта не әрқайсысын жеке қолдануға құқылы.
Пәтерлер осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген тәсіл бойынша өткізілген жағдайда, қатысушыларды іріктеу және тұрғын үйді бөлу рәсімдерін ҚТҚЖБ жүргізеді.
Пәтерлер осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәсіл бойынша өткізілген жағдайда, ЖАО өз интернет-ресурсында пәтерлерді өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.
«7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үйді кредиттеу бағдарламасы (бұдан әрі – «7-20-25» бағдарламасы) бойынша ЕДБ ипотекалық қарыздары есебінен тұрғын үйді сатып алатын үміткер аталған бағдарламаның белгіленген талаптарына сәйкес келуі қажет.
6 ай өткеннен кейін тұрғын үй басқа азаматтарға өткізіледі.
Егер тұрғын үй өткізілмесе, ЖАО тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін шығарылған облигациялық қарыздарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу шартымен оны өзінің қалауы бойынша иеленеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2018 жылғы «____» _____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2018 жылғы «____» _____________

Қолданыстағы