Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 600 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего и послевузовского образования»

Бұйрық · № 358 · қабылданған 12.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2018-no-600-ekb-133931/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 600 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего и послевузовского образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 358 ·12.08.2019
12.08.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 600 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего и послевузовского образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 358 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 600 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего и послевузовского образования»
Атауы (қаз.)
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
358
Қабылданған күні
12.08.2019
Көрсетілген редакция
12.08.2019 133931_419064.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019234
ЭКБ идентификаторы
133931
Редакция идентификаторы
133931_419064
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:49

0

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН

1

1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың магистратурасына, резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссияларымен және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілдесі аралығында жүргізіледі. КТ, шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 8 – 16 тамызы аралығында өткізіледі.
ЖЖОКБҰ докторантурасына өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 22 тамызына дейін жүргізіледі. Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 22-нен 27 тамызына дейін өткізіледі.
Қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.»;
30, 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 7-қосымша) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық шәкіліге сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 8-қосымша) оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 50 балл, бұл ретте: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады. Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғарғы балл – 35 балл.
Резидентураға тұлғаларды қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейінінен түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы үшін 7-қосымшаға сәйкес – кемінде 75 балл;
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін 8 -қосымшаға сәйкес – кемінде 50 балл;
3) резидентура үшін – кемінде 75 балл.
Осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға 50 балл есептеледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.»;
көрсетілген қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «_____» _________
№ ____ бұйрығына
1-қосымша
Жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын iске асыратын
бiлiм беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына
7-қосымша
Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкілі
Тест түр­ле­рі
Тап­сыр­ма ны­са­ны
Тап­сы­ру ті­лі
Тест са­ны
Балл
Шет ті­лі бой­ын­ша тест
Тың­да­лым
Лек­си­ко-грам­ма­ти­ка­лық тест
Оқы­лым
Ағы­л­шын/
Неміс/
Фран­цуз
50
50
Оқу­ға дай­ынды­ғын анық­та­у­ға ар­нал­ған тест
Бір дұ­рыс жа­у­ап­ты таң­дау
Қа­зақ/ Орыс
30
30
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры то­бы­ның бей­і­ні бой­ын­ша тест *
Бір дұ­рыс жа­у­ап­ты таң­дау
Қа­зақ/ Орыс
30
30
Бір неме­се бір­не­ше дұ­рыс жа­у­ап­ты таң­дау
Қа­зақ/ Орыс
20
40
Бар­лы­ғы
130
150
* шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады

2 Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «_____» _________
№ ____ бұйрығына
2-қосымша
Жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын iске асыратын
бiлiм беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына
8-қосымша
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы
Тест түр­ле­рі
Тап­сыр­ма ны­са­ны
Тап­сы­ру ті­лі
Тест са­ны
Балл
Оқу­ға дай­ынды­ғын анық­та­у­ға ар­нал­ған тест
Бір дұ­рыс жа­у­ап­ты таң­дау
Қа­зақ/Орыс/
Ағы­л­шын
30
30
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры то­бы­ның бей­і­ні бой­ын­ша тест
Бір дұ­рыс жа­у­ап­ты таң­дау
Ағы­л­шын
30
30
Бір неме­се бір­не­ше дұ­рыс жа­у­ап­ты таң­дау
Ағы­л­шын
20
40
Бар­лы­ғы
80
100

Қолданыстағы