О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата от 31 мая 2018 года №24/7 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельского округа Бестам Шиелийского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата от 31 мая 2018 года №24/7 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельского округа Бестам Шиелийского района»
- Атауы (қаз.)
- «Шиелі ауданы Бестам ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 24/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8/24
- Қабылданған күні
- 23.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2023 189691_669284.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23LI00824M
- ЭКБ идентификаторы
- 189691
- Редакция идентификаторы
- 189691_669284
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:27
0 «Шиелі ауданы Бестам ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 24/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Шиелі ауданы Бестам ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы №24/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6328 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданы Бестам ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.