Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 1060 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства»

Қаулы · № 783 · қабылданған 20.11.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2019-no-1060-ekb-148842/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 1060 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства» Күшін жойған Қаулы ·№ 783 ·20.11.2020
18.01.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 1060 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 783 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 1060 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства»
Атауы (қаз.)
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
783
Қабылданған күні
20.11.2020
Көрсетілген редакция
18.01.2024 148842_683231.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000783
ЭКБ идентификаторы
148842
Редакция идентификаторы
148842_683231
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:39

0 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26,139-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
87-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87-7. Егер 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 20 қазанға дейінгі кезеңде қарыз алушы кредит бойынша төлемдерді төлеген жағдайда осы кезеңге есептелген субсидиялау сомасы кредитті өтеу кестесіне сәйкес кейінгі кезеңдерде есептелген сыйақы бойынша берешекті өтеуге жіберіледі. Қарызды өтеу мерзімі өткеннен кейін субсидиялаудың пайдаланылмаған сомасы болған кезде бұл сома қарыз алушының ағымдағы шотына есепке жатқызылады.
2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 20 қазанға дейінгі кезеңде кредит өтелген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап кредитті өтеу күніне дейінгі кезең үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінің сомасы қарыз алушыға банктің/лизингтік компанияның хаты және төленуге тиіс субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдер кестесі негізінде төленеді.»;
87-9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«87-9. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша банк/лизингтік компания 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қаржы агенттігіне:»;
87-11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87-11. Қаржы агенттігі мақұлдаған экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне банктің/лизингтік компанияның хатын және төленуге тиіс субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдер кестесін ұсынады.
Қаржы агенттігі қаражатты аударуды банк/лизингтік компания қаржы агенттігінің банктегі/банк-төлем агентіндегі шоттарына ұсынған төлемдер кестесіне сәйкес өткен кезең үшін өтеуге арналған сомаларды ескере отырып (қажет болған кезде) жүргізеді.».

2 2. Осы қаулы 2020 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы