Құжат мәтініне өту

О внесений изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 221 «Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных и сбросных сооружений»

Бұйрық · № 307 · қабылданған 18.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2019-no-221/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесений изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 221 «Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных и сбросных сооружений» Қолданыста Бұйрық ·№ 307 ·18.09.2025
18.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесений изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 221 «Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных и сбросных сооружений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 307 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесений изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 221 «Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных и сбросных сооружений»
Атауы (қаз.)
«Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
307
Қабылданған күні
18.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
07.10.2025
Көрсетілген редакция
18.09.2025 214565_778937.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036897
ЭКБ идентификаторы
214565
Редакция идентификаторы
214565_778937
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:12

0 «Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналарға жол берілмейді:
1) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 91-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес су тарту құрылысжайларын балық қорғау және (немесе) балық өткізу құрылғыларынсыз пайдалануға енгізу;
2) БҚҚ-сыз, сондай-ақ Заңның 14-бабы 3-тармағының 13) тармақшасына сәйкес осы Талаптарға сәйкес келмейтін су тарту және ағызу құрылыстарын пайдалану.».
11-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 273-бабының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес теңізден су тартуға БҚҚ жұмысының тиімділігін үздіксіз бақылауға арналған техникалық құрылғыларды орната отырып, су тарту құрылысжайларын БҚҚ-мен жарақтандырған кезде ғана жол беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

Қолданыстағы