О внесении изменения в постановление акимата Каргалинского района от 31 декабря 2019 года № 237 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Каргалинскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Каргалинского района от 31 декабря 2019 года № 237 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Каргалинскому району»
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 237 «Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 17.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2021 145647_512678.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CF007333
- ЭКБ идентификаторы
- 145647
- Редакция идентификаторы
- 145647_512678
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:12
0 Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 237 «Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана
төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4-тармағы 8-1) тармақшасына, 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 237 «Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6645 тіркелген, 2020 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қарғалы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қарғалы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 17 тамыздағы
№ 148 Қаулысына қосымша
Қарғалы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «31» желтоқсандағы
№237 қаулысымен бекітілген
Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (кенті, ауыл)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір күндік төлемақы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)
1
Қосестек ауылы
Қарғалы ауданының «Қос Естек ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балауса» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
80
37200
350
2
Степное ауылы
Қарғалы ауданы «Степной ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
40
37200
350
3
Бадамша ауылы
Қарғалы ауданының
«Бадамша ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Айгөлек»
бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
172
37200
450
4
Бадамша ауылы
Қарғалы ауданының «Бадамша ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» мектепке дейінгі ұйымы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
85
37200
450
5
Петропавл ауылы
Қарғалы ауданының «Желтау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек»
бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
138
37200
400
6
Ш. Қалдаяқов ауылы
Қарғалы ауданының
«Желтау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Бөбек»
бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
100
37200
400