О внесении изменения в постановление акимата города Курчатов от 31 января 2020 года № 210 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год по городу Курчатов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Курчатов от 31 января 2020 года № 210 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2020 год по городу Курчатов»
- Атауы (қаз.)
- Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 210 «Курчатов қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 362
- Қабылданған күні
- 30.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2020 147154_485228.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VC007622
- ЭКБ идентификаторы
- 147154
- Редакция идентификаторы
- 147154_485228
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:33
0 Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 210
«Курчатов қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 210 «Курчатов қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 7 ақпандағы 6725 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде және 2020 жылғы 13 ақпанда «7 дней» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Кошкарбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Курчатов қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
Курчатов қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 362 қаулысы қосымша
Курчатов қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ р/р
Ұйымның атауы
Барлығы
Тәрбиеленушілер саны (адам)
Айына бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс көлемі, теңге
Ата-ананың төлемақы мөлшері, айына теңге
оның ішінде
оның ішінде
толық күн болумен
толық емес күн болумен
толық күн болумен
толық емес күн болумен
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Курчатов қаласының «Күншуақ» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
145
145
0
33020
0
3 жасқа дейін 10500
3-тен 6 жасқа дейін -10800
2
«Ақ-бөбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
60
60
0
33020
0
3 жасқа дейін 10500
3-тен 6 жасқа дейін -10800
3
Курчатов қаласы әкімдігінің «Журавушка» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
290
290
0
33020
0
3 жасқа дейін 10500
3-тен 6 жасқа дейін -10800
4
«Курчатов қаласының № 2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталық
50
25
30531
3 жасқа дейін 10500
3-тен 6 жасқа дейін -10800
25
19450
3 жасқа дейін 5250
5
«Курчатов қаласының № 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталық
75
25
30531
3 жасқа дейін 10500
3-тен 6 жасқа дейін -10800
50
19450
3 жасқа дейін 5250