О внесении изменений в решение Келесского районного маслихата от 31 января 2020 года № 22/162-VI «О предоставлении в 2020 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Келесского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Келесского районного маслихата от 31 января 2020 года № 22/162-VI «О предоставлении в 2020 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Келесского района»
- Атауы (қаз.)
- Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 22-162-VI «Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32-238-VI
- Қабылданған күні
- 28.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2020 148454_491565.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UQ005882
- ЭКБ идентификаторы
- 148454
- Редакция идентификаторы
- 148454_491565
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:05
0
Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 22-162-VI «Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 22-162-VI «Келес ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5430 нөмірмен тіркелген, 2020 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Респбликасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Келес ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы»;
Шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1
«1. Келес ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит берілсін.»