Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 31 января 2020 года № 28 «Об утверждении Правил аккредитации республиканских ассоциаций общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства, а также общественных объединений рыболовов и субъектов рыбного хозяйства, проведении их аккредитации»

Бұйрық · № 369 · қабылданған 13.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2020-no-28-ekb-158698/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 31 января 2020 года № 28 «Об утверждении Правил аккредитации республиканских ассоциаций общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства, а также общественных объединений рыболовов и субъектов рыбного хозяйства, проведении их аккредитации» Қолданыста Бұйрық ·№ 369 ·13.09.2021
13.09.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 31 января 2020 года № 28 «Об утверждении Правил аккредитации республиканских ассоциаций общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства, а также общественных объединений рыболовов и субъектов рыбного хозяйства, проведении их аккредитации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 369 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 31 января 2020 года № 28 «Об утверждении Правил аккредитации республиканских ассоциаций общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства, а также общественных объединений рыболовов и субъектов рыбного хозяйства, проведении их аккредитации»
Атауы (қаз.)
«Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
369
Қабылданған күні
13.09.2021
Көрсетілген редакция
13.09.2021 158698_538566.kaz
Соңғы өзгеріс
13.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024387
ЭКБ идентификаторы
158698
Редакция идентификаторы
158698_538566
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:46

0

«Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Аккредиттеу мерзімі мен оны өткізу шарттары туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz (бұдан әрі-Портал) мынадай құжаттарды ұсынады:
аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын аккредиттеу кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мыналардың:
меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде аңшылық минимум бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін жабдықталған үй-жайлардың;
веб-сайттың;
филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса);
жануарлар дүниесін молайту мен пайдалануды қорғау саласындағы арнайы әдебиеттерді, аңшылық минимумы жөніндегі әдістемелік материалдардың, құралдар мен экспонаттардың;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында кәсіптік білімі бар тиісті қызметкерлер штатының;
қауымдастық құрамындағы әуесқой аңшылардың қоғамдық бірлестіктерінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін мәліметтер нысанын;
балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының аккредиттеуден өтуі кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мыналардың:
филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса);
веб-сайтының;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиеттің, балық шаруашылығы бойынша әдістемелік материалдардың;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мамандарды қоса алғанда, кәсіби білімі бар қызметкерлердің тиісті штатының;
қауымдастықтың құрамында әуесқой балық аулаушылар мен спорттық балық аулау қоғамдық бірлестіктерінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін;
3) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтердің тиісті нысанын береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес «Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны жауапты қызметкердің қарауына береді.
Жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімдерін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер сәйкес келмейтін талаптарды көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Егер хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді талаптарға сәйкес келтірмесе, Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
9. 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарау комиссия отырысында жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешім қабылдайды:
1) қауымдастықты аккредиттеу;
2) аккредиттеуден бас тарту.»;
мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
«3-тарау. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
18. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
19. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 7-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 8-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

1 «Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Министр экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 13 сентября 2021 года № 369
Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28
бұйрығымен бекітілген
Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің,
сондай-ақ балық аулаушылар
мен балық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктерінің республикалық
қауымдастықтарын аккредиттеу,
оларды аккредиттеуден өткізу
қағидаларына
7-қосымша
«Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті.
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz (бұ­дан әрі-Пор­тал).
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
5 (бес) жұ­мыс күн
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Аң­шы­лар мен аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің рес­пуб­ли­ка­лық қа­уым­да­стық­та­рын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік;
Ба­лық аула­у­шы­лар мен ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің рес­пуб­ли­ка­лық қа­уым­да­стық­та­рын ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­ды.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7.
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал­да – тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­нім мен құ­жат­тар­ды қа­был­дау, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
аң­шы­лар мен аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­нің қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің қа­уым­да­стығ­ын ак­кре­дит­теу ке­зін­де:
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өтiнiш;
2) мы­на­лар­дың:
мен­шік құқы­ғын­да және (неме­се) өзге де заң­ды негіз­дер­де аң­шы­лық ми­ни­мум бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша тео­ри­я­лық курс өт­кі­зу үшін жаб­дық­тал­ған үй-жай­лар­дың;
веб-сайт­тың;
фи­ли­ал­да­ры­ның және (неме­се) өкіл­дік­те­рі­нің (бар бол­са);
жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін мо­лай­ту мен пай­да­ла­ну­ды қор­ғау са­ла­сын­да­ғы ар­найы әде­би­ет­тер­ді, аң­шы­лық ми­ни­му­мы жө­нін­де­гі әді­сте­ме­лік ма­те­ри­ал­дар­дың, құ­рал­дар мен экс­по­нат­тар­дың;
жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да кә­сіп­тік бі­лі­мі бар ти­іс­ті қыз­мет­кер­лер шта­ты­ның;
қа­уым­да­стық құ­ра­мын­да­ғы әу­ес­қой аң­шы­лар­дың қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рін;
3) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша аң­шы­лар және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің рес­пуб­ли­ка­лық қа­уым­да­стық­та­ры үшін мә­лі­мет­тер ны­са­ның.
ба­лық аула­у­шы­лар мен ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі қа­уым­да­стығ­ы­ның ак­кре­дит­те­уден өтуі ке­зін­де:
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өтiнiш;
2) мы­на­лар­дың:
фи­ли­ал­да­ры­ның және (неме­се) өкіл­дік­те­рі­нің (бар бол­са);
веб-сай­ты­ның;
жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да ар­найы әде­би­ет­тің, ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы бой­ын­ша әді­сте­ме­лік ма­те­ри­ал­дар­дың;
жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, өсі­мін мо­лай­ту және пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды қо­са ал­ған­да, кә­сі­би бі­лі­мі бар қыз­мет­кер­лер­дің ти­іс­ті шта­ты­ның;
қа­уым­да­стық­тың құ­ра­мын­да әу­ес­қой ба­лық аула­у­шы­лар мен спорт­тық ба­лық аулау қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рін.
3) ба­лық аула­у­шы­лар мен ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­нің қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің рес­пуб­ли­ка­лық қа­уым­да­стық­та­ры үшін осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер­дің ти­іс­ті ны­са­нын бе­ре­ді.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің
осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
10.
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген, өзге де та­лап­тар
1) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ин­тер­нет-ре­сур­ста­ры­ның бі­рың­ғай тұ­ғыр­на­ма­сы – www.​gov.​kz Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі «де­ген бө­лім­де» қыз­мет­тер «де­ген кі­ші бө­лім­де:»;
Пор­тал­да;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар;
4) пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол­же­тім­ді бо­ла­ды;
5) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ин­тер­нет-ре­сур­ста­ры­ның бі­рың­ғай плат­фор­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген – www.​gov.​kz, «Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі» де­ген бө­лім­де «қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лім­де.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.

2 Хабарлама

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 369
Бұйрыққа 2-қосымша
Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ
балық аулаушылар мен балық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің
республикалық қауымдастықтарын
аккредиттеу, оларды аккредиттеуден
өткізу қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Хабарлама
Берілді _______________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Осы арқылы
Мемлекеттік мекеме ___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
Сіздің [өтініш күні] № [өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі
туралы хабарлайды_________________________________________________________________________
(құрылымдық элементті көрсету)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелген) Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына сәйкес осы хабарламаны Портал арқылы алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды:
Портал:
1.___________________________________________
2.___________________________________________
3.___________________________________________
Жоғарыда көрсетілген құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінішті одан әрі
қарауға дәлелді бас тарту жіберіледі.
_____________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші басшысының лауазымы)
_____________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Хабарламаны жіберу күні мен уақыты: 20__ жылғы «___» ________ «__» сағат «__» мин.

Қолданыстағы