О внесении изменения в решение Жетысайского районного маслихата от 31 декабря 2020 года № 41-220-VІ «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жетысайском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жетысайского районного маслихата от 31 декабря 2020 года № 41-220-VІ «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жетысайском районе»
- Атауы (қаз.)
- Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-220-VI «Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18-114-VII
- Қабылданған күні
- 15.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2024 165878_685396.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22UP027316
- ЭКБ идентификаторы
- 165878
- Редакция идентификаторы
- 165878_685396
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:09
0 Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-220-VI «Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Жетісай аудандық мәслихатының «Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №41-220-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6013 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
6
«6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.».