О внесении изменений и дополнения в решение Улытауского районного маслихата от 31 декабря 2020 года № 427 «О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Улытауского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Улытауского районного маслихата от 31 декабря 2020 года № 427 «О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Улытауского района»
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 427 «Ұлытау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 05.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2024 194382_688355.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24HE010920
- ЭКБ идентификаторы
- 194382
- Редакция идентификаторы
- 194382_688355
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:50
0 Ұлытау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 427 «Ұлытау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ұлытау аудандық мәслихатының «Ұлытау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 427 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6165 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлытау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы»;
2) көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы мынадай редакциядағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.».
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ұлытау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 5 наурыздағы
№ 107
шешіміне қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ұлытау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта: