О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 31 декабря 2020 года № 496 «О принятии имущественных комплексов государственных учреждений из коммунальной собственности районов (городов) области в областную коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 31 декабря 2020 года № 496 «О принятии имущественных комплексов государственных учреждений из коммунальной собственности районов (городов) области в областную коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін аудандардың (қалалардың) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 20.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2026 I229482_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26V000209A
- ЭКБ идентификаторы
- 229482
- Редакция идентификаторы
- I229482_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 18:58
0 «Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін аудандардың (қалалардың) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін аудандардың (қалалардың) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 20-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. «Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін аудандардың (қалалардың) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 326 қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік сатып алу
және коммуналдық меншік
басқармасының басшысы
___________ Р. Баирбеков
2026 жылғы «__» _______
8 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2026 жылғы
«20» тамыздағы
№ 209 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
«31» желтоқсандағы
№ 496 қаулысына
20-қосымша
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі) Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметінде «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне есеп береді және бақылауында болады.
2. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы 156 ғимарат, пошта индексі 070002.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы ереже Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
12. Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің миссиясы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылы 27 шілдедегі Заңының 6-бабында айқындалған.
14. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
5) білім беру ұйымдарының автономдылығын, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократияландыру;
6) білім беруді ақпараттандыру, халықаралық жаһандық коммуникациялық желілерге шығу негізінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
7) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі.
15. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Өскемен қаласы аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) мемлекеттік білім беру ұйымдарында кешкі (ауысымдық) оқыту нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта мен жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы берілетін жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;
6) облыстың білім басқармасы арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін енгізеді;
7) облыстың білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
8) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) балаларды қалалық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім берумен қамтамасыз етеді;
12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
14) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық жабдықталуын қамтамасыз етеді;
15) қалалық мектеп олимпиадаларын және жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
16) қалалық ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылай және материалдық көмек, мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетеді;
17) Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
18) Өскемен қаласының педагогтері мен білім берудің басшы қызметкерлерін аттестаттауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырады;
19) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
23) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кейін қарай тегін тасымалдауды ұйымдастырады;
24) Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
25) Өскемен қаласында орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
26) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
27) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
28) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
29) жетім балаларды, aтa-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
30) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына, отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
31) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
32) қаланың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
33) облыстың білім басқармасына Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің құрылымын бекітуге және келісуге енгізеді;
34) Өскемен қаласы бойынша қажеттілікке қарай мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының сынып санын-жинағын келіседі;
35) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
36) осы ережемен жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;
37) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) білім беру ұйымдарының қызметкерлерін мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
3) білім беру ұйымдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) өз құзыреті шегінде мекеменің қызмет саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, қалада өткізілетін іс-шараларға қатысу;
5) қарамағында білім беру саласының мәселелері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
6) қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыру;
7) мекеме әзірлеуші болып табылатын Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;
3. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қызметін ұйымдастыру
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.
3. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қызметін ұйымдастыру
17. Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне басшылықты Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
6) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің мүлкі
21. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің мүлкі
22. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату
25. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі: