О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 декабря 2020 года № 567 «Об утверждении Методики финансирования строительства, реконструкции объектов среднего образования за счет бюджетных средств»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 декабря 2020 года № 567 «Об утверждении Методики финансирования строительства, реконструкции объектов среднего образования за счет бюджетных средств»
- Атауы (қаз.)
- «Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 265
- Қабылданған күні
- 18.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2026 185215_826640.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033313
- ЭКБ идентификаторы
- 185215
- Редакция идентификаторы
- 185215_826640
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:16
0 «Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 111) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілерін салуды және/немесе реконструкциялауды қаржыландыруды қоспағанда, орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін қолданылады».».