Об установлении запрета на изъятие сайгаков (кроме использования в научных целях) на территории Республики Казахстан до 31 декабря 2020 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении запрета на изъятие сайгаков (кроме использования в научных целях) на территории Республики Казахстан до 31 декабря 2020 года
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы аумағында киіктерді (ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда) 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін алуға тыйым салуды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 704
- Қабылданған күні
- 10.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2015 AI55961_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006667
- ЭКБ идентификаторы
- 55961
- Редакция идентификаторы
- AI55961_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:58
0 Қазақстан Республикасы аумағында киіктерді (ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда) 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін алуға тыйым салуды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу ережесінің 7-тармағына, Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 31 тамыздағы № 1 хаттамалық шешіміне, сонымен қатар биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2010 жылғы 12 тамыздағы № 10-01-46/5093 қорытындысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы аумағында киіктерді (ғылыми мақсаттарды пайдалануды қоспағанда) 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін алуға тыйым салу белгіленсін.
2 2. Мыналардың:
1
1 «Қазақстан Республикасының аумағында киік алуға тыйым салуды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 206 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3880 тіркелген, 2005 жылғы 18 қазанда № 128(752) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
2
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының «Қазақстан Республикасының аумағында киік алуға тыйым салу туралы» 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық комитеті төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 286 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4035 тіркелген, 2006 жылғы 2 ақпанда № 17(823) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.