О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 187 «Об установлении минимальных розничных цен на водки и водки особые, крепкие ликероводочные изделия»
Күшін жойған
Қаулы
·№ 161
·
17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 187 «Об установлении минимальных розничных цен на водки и водки особые, крепкие ликероводочные изделия»
- Атауы (қаз.)
- «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 161
- Қабылданған күні
- 25.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2023 165599_647460.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000161
- ЭКБ идентификаторы
- 165599
- Редакция идентификаторы
- 165599_647460
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:58
0 «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арақтарға, және айрықша арақтарға күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ең төмен бөлшек сауда бағалары:
1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі үшін 1 980 теңге;
2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 2 930 теңге мөлшерінде белгіленсін.».