О внесении изменения и дополнения в решение Шемонаихинского районного маслихата от 31 марта 2021 года № 4/18–VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Шемонаихинскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Шемонаихинского районного маслихата от 31 марта 2021 года № 4/18–VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Шемонаихинскому району»
- Атауы (қаз.)
- Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/18–VII «Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерінжәне алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 21/7-VIII
- Қабылданған күні
- 25.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2024 201007_721031.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24VS908216
- ЭКБ идентификаторы
- 201007
- Редакция идентификаторы
- 201007_721031
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:31
0 Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 4/18–VII «Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерінжәне алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 4/18–VII «Шемонаиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8557 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2-тармақта:
он бесінші және он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринария саласындағы бюджеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар».