О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Костанайской области от 31 декабря 2021 года № 615 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление информатизации, оказания государственных услуг и архивов акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Костанайской области от 31 декабря 2021 года № 615 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление информатизации, оказания государственных услуг и архивов акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 615 «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 267
- Қабылданған күні
- 23.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2023 183327_638668.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23N000267A
- ЭКБ идентификаторы
- 183327
- Редакция идентификаторы
- 183327_638668
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:15
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 615 «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 615 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75-үй.»;
15-тармақта:
12) және 30) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«12) ақпараттандыру және байланыс саласындағы ұлттық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;»;
«30) Қостанай облысының аумағында цифрландыруды дамытуды, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс саласындағы ұлттық жобалар шеңберінде цифрлық шешімдерді жоспарлауды және енгізуді қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын:
«48-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;».
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістердің және толықтырудың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;