Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2021 года № 988 «Об утверждении Правил определения предельных аукционных цен на электрическую энергию, произведенную путем энергетической утилизации отходов, и индексации аукционных цен»

Қаулы · № 496 · қабылданған 01.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2021-no-988/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2021 года № 988 «Об утверждении Правил определения предельных аукционных цен на электрическую энергию, произведенную путем энергетической утилизации отходов, и индексации аукционных цен» Қолданыста Қаулы ·№ 496 ·01.07.2025
01.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2021 года № 988 «Об утверждении Правил определения предельных аукционных цен на электрическую энергию, произведенную путем энергетической утилизации отходов, и индексации аукционных цен»

Қолданыста Қаулы ·№ 496 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2021 года № 988 «Об утверждении Правил определения предельных аукционных цен на электрическую энергию, произведенную путем энергетической утилизации отходов, и индексации аукционных цен»
Атауы (қаз.)
«Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
496
Қабылданған күні
01.07.2025
Көрсетілген редакция
01.07.2025 211857_766755.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000496
ЭКБ идентификаторы
211857
Редакция идентификаторы
211857_766755
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:33

0 «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шекті аукциондық бағалар бекітілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша АҚШ долларымен және еуромен баламалары көрсетіліп, қосымша құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) есепке алынбай, теңгемен бекітіледі.»;
7-тармақтың екінші бөлігінің 9) және 10) тармақшалары алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
8. Тіркелген пайданы (ТП) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ТП = (CAPEX + NWC)* WACC, мұндағы:
ТП – тіркелген пайда (теңге);
CAPEX – ҚҚС есепке алынбай, қаржы моделіне (теңге) сәйкес жобаға жұмсалатын инвестициялық шығындардың шамасы;
NWC – таза айналым капиталы;
WACC – капиталдың орташа өлшенген мөлшерлемесі.
CAPEX мыналарды:
1) жабдықтар мен материалдық-техникалық ресурстарды (негізгі процестерді орындау үшін қажетті өндірістік және технологиялық жабдықтар; көлік құралдары, логистикалық және операциялық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған мамандандырылған техника; бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру, бағдарламалық қамтылым және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым);
2) қосылу және интеграциялау шығыстарын (жергілікті желілер және ішкі инженерлік коммуникациялар, электр желілеріне қосылуды қоса алғанда, энергиямен жабдықтау, трансформаторлық қосалқы станцияларды сатып алу және баламалы энергия көздерін орнату (егер қолданылса); кәсіпорынның ішкі желілеріне қосу);
3) лицензиялар, рұқсаттар және сертификаттау алу шығыстарын, персоналды оқыту шығыстарын (жобаны іске қосу үшін талап етілетін болса), құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығыстарын қамтиды.».
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Салынған жиынтық капиталдағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы (D/(D + E) реттеу кезеңінің алдындағы жылғы АҚШ энергетикалық секторы бойынша А. Дамодаранның деректері негізінде орташа салалық көрсеткіш ретінде айқындалады.
Қарыз капиталына тек қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі құрылысын қаржыландыруға арналған қарыз қаражаты кіреді.
15. Салынған жиынтық капиталдағы меншікті капиталдың шамасы (E/(D + E) мынадай формула бойынша айқындалады:
E/(D+E) – салынған жиынтық капиталдағы меншікті капиталдың шамасы;
D/(D+E) – салынған жиынтық капиталдағы қарыз капиталының (борыштың) шамасы.
Жиынтық салынған капиталдағы меншікті капиталдың шамасы кемінде 30 % болуға тиіс.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жобаның өзіндік ерекшелігі бар тәуекелдері үшін сыйлықақы:
1) жобаның ауқымы;
2) құрылыс мерзімі ескеріле отырып, 1 %-дан 3 %-ға дейінгі деңгейде айқындалады.
Кіші ауқымды және құрылыс мерзімі қысқа жобалар үшін ірі ауқымды және құрылысы ұзақ жобалармен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар тәуекелдердің кіші мәні қолданылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы