Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2022 года № 11-1-4/135 «Об утверждении Правил мониторинга за обеспечением выполнения международных договоров Республики Казахстан»

Бұйрық · № 11-1-4/646 · қабылданған 19.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2022-no-11-1-4135/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2022 года № 11-1-4/135 «Об утверждении Правил мониторинга за обеспечением выполнения международных договоров Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/646 ·19.11.2024
19.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2022 года № 11-1-4/135 «Об утверждении Правил мониторинга за обеспечением выполнения международных договоров Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/646 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2022 года № 11-1-4/135 «Об утверждении Правил мониторинга за обеспечением выполнения международных договоров Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 11-1-4/135 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/646
Қабылданған күні
19.11.2024
Көрсетілген редакция
19.11.2024 205577_740654.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035398
ЭКБ идентификаторы
205577
Редакция идентификаторы
205577_740654
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:36

0 «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 11-1-4/135 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 1114/135 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27384 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдар) міндеттемелерді міндетті және адал орындауын және күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мониторингі тәртібін анықтайды.»;
5-тармақтың бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
7-тармақтта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты қорытады, талдайды және талдау нәтижелері бойынша сыртқы саяси бағаны қамтитын жиынтық ақпаратты жылына бір рет 10 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) жібереді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Үкімет Аппараты жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында анықталған тәртіппен жібереді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы