Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 мая 2022 года № 301 «Об утверждении Правил и требований к проведению досмотра пассажиров и лиц, посещающих объекты транспортной инфраструктуры, вещей, находящихся при них, в том числе ручной клади и багажа»

Бұйрық · № 118 · қабылданған 06.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2022-no-301/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 мая 2022 года № 301 «Об утверждении Правил и требований к проведению досмотра пассажиров и лиц, посещающих объекты транспортной инфраструктуры, вещей, находящихся при них, в том числе ручной клади и багажа» Қолданыста Бұйрық ·№ 118 ·06.12.2023
06.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 мая 2022 года № 301 «Об утверждении Правил и требований к проведению досмотра пассажиров и лиц, посещающих объекты транспортной инфраструктуры, вещей, находящихся при них, в том числе ручной клади и багажа»

Қолданыста Бұйрық ·№ 118 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 мая 2022 года № 301 «Об утверждении Правил и требований к проведению досмотра пассажиров и лиц, посещающих объекты транспортной инфраструктуры, вещей, находящихся при них, в том числе ручной клади и багажа»
Атауы (қаз.)
«Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
118
Қабылданған күні
06.12.2023
Көрсетілген редакция
06.12.2023 189875_673406.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033767
ЭКБ идентификаторы
189875
Редакция идентификаторы
189875_673406
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:10

0

«Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы
№ 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар адамдар) жолаушылар мен келушілерді жете тексеру кезектен тыс жүзеге асырылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жеке жете тексеруді жүргізген кезде жолаушыға және (немесе) келушіге:
1) өзіндегі көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен нәрселерді және металл заттарды көрсетуді;
2) жете тексеруді қолмен және (немесе) портативті (қол) аспаптың көмегімен жүргізу үшін аяқ киімін, сыртқы киімін, бас киімін, белбеулерін, белдіктерін және жолаушының не болмаса келушінің үстіндегі өзге де нәрселерін шешуді ұсынады.
Сот әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар, кәмелетке толмаған балалар, сондай-ақ организмнің функционалдық бұзылуы және (немесе) жас шектеулері салдарынан жеке жете тексеруді жүргізу кезінде қажетті іс-әрекеттерді орындай алмайтын мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектігі бар адамдар) олардың заңды өкілдерінің және (немесе) бірге еріп жүретін адамдардың қатысуымен жете тексеріледі. Жете тексеру жұмыскерлері сот әрекет қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарды, сондай-ақ заңды өкілдерінің және (немесе) бірге еріп жүретін адамдарысыз қозғалатын мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (мүгедектігі бар адамдарды) жете тексеру кезінде көмек көрсетеді.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Жүрек қызметінің стимуляциясына арналған электрондық құрылғылары бар жолаушылар техникалық құралдарды пайдаланбай жеке (қолмен) жете тексеруге жатады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы