О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 385 «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций дошкольного, начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, специализированных, специальных, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, организациях дополнительного образования для детей и взрослых»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 385 «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций дошкольного, начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, специализированных, специальных, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, организациях дополнительного образования для детей и взрослых»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, мамандандырылған, арнайы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізі туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 510
- Қабылданған күні
- 22.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2022 175952_614718.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200031227
- ЭКБ идентификаторы
- 175952
- Редакция идентификаторы
- 175952_614718
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:48
0
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, мамандандырылған, арнайы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізі туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, мамандандырылған, арнайы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
146-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға және баланың жеке даму бағдарламасын, сондай-ақ отбасына көмек бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Ата-аналарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде әлеуметтік қызметтерді, мүгедектігі бар балаларды оңалтудың техникалық және өзге де қосалқы құралдарын алу бойынша консультация береді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-тұрмыстық және бейімделу дағдыларын дамыту бойынша шағын топтық және немесе топтық сабақтар өткізеді.»;
175-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға және баланың жеке даму бағдарламасын, сондай-ақ отбасына көмек бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Ата-аналарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде әлеуметтік қызметтерді, мүгедектігі бар балаларды оңалтудың техникалық және өзге де қосалқы құралдарын алу бойынша консультация береді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-тұрмыстық және бейімделу дағдыларын дамыту бойынша шағын топтық және немесе топтық сабақтар өткізеді.».