О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 731 «Об утверждении Правил по парашютной (парашютно-десантной, воздушно-десантной) подготовке в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 731 «Об утверждении Правил по парашютной (парашютно-десантной, воздушно-десантной) подготовке в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 613
- Қабылданған күні
- 13.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2024 197786_706976.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034504
- ЭКБ идентификаторы
- 197786
- Редакция идентификаторы
- 197786_706976
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:06
0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29449 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларда:
4-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бағынысты арнайы мақсаттағы бөлімше мен бөлім үшін – 14776 әскери бөлімінің командирі;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) бағынысты мекеме, бөлім мен бөлімше үшін – 32039 әскери бөлімінің командирі бекітеді.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) парашюттік (парашюттік-десанттық) даярлық нұсқаушысы – даярлықтан өткен, сынақ тапсырған және парашютпен секіруге байланысты теориялық және практикалық даярлықты ұйымдастыруға және жүргізуге рұқсаты бар парашютші.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген лауазымды адамдар жыл сайын парашютпен секіруді ұйымдастыруға және жасауға тартылған жеке құраммен:
1) лауазымды адамдармен және парашюттік (парашюттік-десанттық) даярлық нұсқаушыларымен оқу-әдістемелік жиын;
2) ПДД (ӘДД) мамандарын үйрету бойынша, бұрын алған дағдысын сақтау және оны жетілдіру, біліктілігін арттыру бойынша оқу-жаттықтыру жиынын;
3) парашютпен секіруді ұйымдастыруға және жасауға тартылған жеке құраммен парашюттік (парашюттік-десанттық) даярлық нұсқаушысы атағын беруге және біліктілігін растауға кандидаттар деңгейін бағалау бойынша жиын;
4) парашюттік жүйені жинауды және жеке құрамды десанттауға және жүкті түсіруге дайындауды дербес бақылауды растау және рұқсатнама алу бойынша жиын өткізу көзделген даярлық жоспарын бекітеді.
Жиын ұзақтығы шешілетін міндеттер ауқымымен және күрделілігімен айқындалады. Парашютпен секіруді (десанттауды) ұйымдастыруға, сондай-ақ жеке құрамды даярлауға қатысатын мамандар тартылған жиын жылына 2 реттен сиретпей өткізіледі.».
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жерүсті даярлығы бойынша оқытып-үйретуге және дағдысын жетілдіруге 4-тармаққа сәйкес лауазымды адамдар бекіткен парашютпен секіруге жіберілген жеке құрам тартылады.».
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Мамандандырылған шеберханада жүргізу қажет етілетін әуе-десанттық техникаға және мүлікке регламенттік жұмыс, оны әскери жөндеу мерзімі мен тәртібін ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, БШ, ҚМ құрылымдық бөлімшесінің бастықтары, 14776 және 32039 әскери бөлім командирлері келіседі.».