О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 733 «Об утверждении Правил участия юридических консультантов в оказании гарантированной государством юридической помощи, организуемой палатами юридических консультантов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 733 «Об утверждении Правил участия юридических консультантов в оказании гарантированной государством юридической помощи, организуемой палатами юридических консультантов»
- Атауы (қаз.)
- «Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 476
- Қабылданған күні
- 29.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2025 213973_777486.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036806
- ЭКБ идентификаторы
- 213973
- Редакция идентификаторы
- 213973_777486
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:31
0 «Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 29337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуді заң консультанты жеке тұлға өтініш берген кезде тікелей және/немесе электрондық форматта заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетер алдында заң консультанты құқықтық консультация алуға өтініш білдірген адамға құқықтық мәселелер бойынша автоматтандырылған көмекшіні пайдалануды ұсынады.
Жеке тұлға өтініш жасағаннан кейін тікелей заң көмегін көрсету мүмкін болмаған кезде, ол үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілуге тиіс. Заң консультанты жеке тұлғаға қабылдау күні мен уақыты туралы қолжетімді нысанда хабарлайды.
Егер жеке тұлға жүріп-тұруындағы қиындықтармен байланысты ауыр сырқаттың, мүгедектіктің немесе өзге де мән-жайлардың салдарынан заң консультанты тағайындаған қабылдау орнына келе алмаса, оның тұрған жері бойынша құқықтық консультация беріледі.
Бір мәселе бойынша тұлға мемлекет кепілдік берген заң көмегін бір рет ала алады.»;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Құқықтық консультация беру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультантын таңдауды өтініш беруші (жеке тұлға) жүзеге асырады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Мынадай негіздердің бірі болған кезде:
1) өтініш беруші (жеке тұлға) мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар, осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тұлғалар санатына жатпаса;
2) өтініш беруші (жеке тұлға) жүгінімнің құқықтық сипаты болмаса, құқықтық консультация беру, қорғау және өкілдік ету түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.».