О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 903 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым разделение на лоты по их однородным видам и по месту их поставки (выполнения, оказания) не требуется»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 903 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым разделение на лоты по их однородным видам и по месту их поставки (выполнения, оказания) не требуется»
- Атауы (қаз.)
- «Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 903 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34
- Қабылданған күні
- 24.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2025 192845_736556.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400033928
- ЭКБ идентификаторы
- 192845
- Редакция идентификаторы
- 192845_736556
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:26
0 «Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы
31 тамыздағы № 903 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 903 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29404 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2024 жылғы 24 қаңтардағы
№ 34 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қаржы министрінің
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 903 бұйрығымен
бекітілген
Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша
лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тізбесі
№
Атауы
1. Тауарлар
1
Кеңсе тауарлары
2
Шаруашылық тауарлары
3
Жуу құралдары
4
Азық-түлік тағамдары
5
Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар
6
Құрылыс материалдары
7
Электр тауарлары
8
Сантехникалық тауарлар
9
Қосалқы бөлшектер
10
Жеңіл өнеркәсіп тауарлары
11
Жиһаз өнімі
2. Қызметтер
1
Күзет және өрт дабылы қызметтері
2
Ғимаратқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер (үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылыту жүйелерін тығыздау және жуу, электрмонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер)
3
Полиграфиялық қызметтер
3. Жұмыстар
1
Үй маңындағы аумақтарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар