О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 июля 2023 года № 11-1-4/407 «Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения свидетельства на возвращение и образца свидетельства на возвращение и требований к его защите»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 июля 2023 года № 11-1-4/407 «Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения свидетельства на возвращение и образца свидетельства на возвращение и требований к его защите»
- Атауы (қаз.)
- «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын және қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндеттің атқарушысы 2023 жылғы 31 шілдедегі № 11-1-4/407 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 11-1-4/497
- Қабылданған күні
- 31.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2026 I229729_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039817
- ЭКБ идентификаторы
- 229729
- Редакция идентификаторы
- I229729_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.09.2026 03:32
0
«Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын және қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндеттің атқарушысы 2023 жылғы 31 шілдедегі № 11-1-4/407 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын және қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 шілдедегі № 11-1-4/407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33227 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қайтып оралуға арналған куәлік 6 айға дейін қолдану мерзіміне ресімделеді.».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі