О внесении изменения в решение Осакаровского районного маслихата от 31 октября 2023 года № 12/111 «Об утверждении Порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей Николаевского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области для участия в сходе местного сообщества»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Осакаровского районного маслихата от 31 октября 2023 года № 12/111 «Об утверждении Порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей Николаевского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области для участия в сходе местного сообщества»
- Атауы (қаз.)
- Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 12/111 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36/363
- Қабылданған күні
- 09.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2025 212159_764970.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25KO36363M
- ЭКБ идентификаторы
- 212159
- Редакция идентификаторы
- 212159_764970
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:27
0
Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 12/111 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 12/111 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген), аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаев ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаев ауылдық округінің Николаевка ауылы, Қайыңды ауылы, Топан ауылы көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді (әрі қарай-Николаев ауылдық округі).».