Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 130/НҚ «Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения, использования и выдачи сведений Национального фонда пространственных данных»

Бұйрық · № 268/НҚ · қабылданған 14.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2023-no-130-ekb-184088/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 130/НҚ «Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения, использования и выдачи сведений Национального фонда пространственных данных» Қолданыста Бұйрық ·№ 268/НҚ ·14.07.2023
14.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 130/НҚ «Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения, использования и выдачи сведений Национального фонда пространственных данных»

Қолданыста Бұйрық ·№ 268/НҚ · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 130/НҚ «Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения, использования и выдачи сведений Национального фонда пространственных данных»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
268/НҚ
Қабылданған күні
14.07.2023
Көрсетілген редакция
14.07.2023 184088_646110.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033102
ЭКБ идентификаторы
184088
Редакция идентификаторы
184088_646110
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:53

0 «Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы

№ 130/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32233 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар Қордың мәліметтерін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен беріледі.
«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар мәліметтерді мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1 тармақшамен толықтырылсын:
«10-1. Қордың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысымен бекітілген Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік құпияларды беру қағидалары) сәйкес геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарға тапсырыс берушілер (бұдан әрі – тапсырыс беруші) болып табылатын мемлекеттік органға немесе ұйымға беріледі.
Тапсырыс беруші Мемлекеттік құпияларды беру қағидаларына сәйкес, мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен және осы жұмыстарды орындау үшін қажетті көлемде ғана, бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауына байланысты, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңды және жеке тұлғаларға береді. Бұл ретте тапсырыс беруші мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер берілгенге дейін ұйымда тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізуге арналған рұқсаттың, ал жеке тұлғаларда – тиісті рұқсаттың бар екеніне көз жеткізуге міндетті.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар):
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мыналарды:
1) «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған қағаз нысандағы өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртек);
2) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған электронды құжат нысанындағы өтініш;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртек) жібереді.»;
15-тармақта «қызметтік пайдалану үшін» деген сөздер «қызмет бабында пайдалану үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімдерге төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері сегіз жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша:
«қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер);
ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде мәліметтер беруді қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қор арқылы жүзеге асырады.»;
көрсетілген бұйрықтағы 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

0 Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 14 шілдедегі
№ 268/НҚ Бұйрығына
қосымша
Ұлттық кеңістіктік деректер
қорының мәліметтерін қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
«Гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­ріне жұ­мыс жос­пар­лан­ған учас­ке­ле­рін­де­гі жер­гі­лік­ті жер­лер­дің гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық зерт­тел­ген­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер бе­ру»
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
1. «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу;
2. Ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу.
2
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі Гео­де­зия және кар­то­гра­фия ко­ми­те­ті­нің «Ұлт­тық гео­де­зия және ке­ңі­стіктік ақ­па­рат ор­та­лы­ғы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші:
«Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ды;
2) «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ра­ды:
Ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ды жү­зе­ге асы­ра­ды.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
(15) он бес жұ­мыс кү­ні
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ғаз тү­рін­де:
1. «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу;
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған):
2. Ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
1) «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға жү­гін­ген кез­де:
қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін де­ген бел­гі­сі бар жос­пар­лан­ған жұ­мыс учас­ке­ле­рін­де­гі жер­гі­лік­ті жер­лер­дің гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық зерт­тел­ген­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бұ­дан әрі – мә­лі­мет­тер) не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де («Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» бел­гі­сі­мен).
2) ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға жү­гін­ген кез­де:
мә­лі­мет­тер неме­се Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.
7
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Қор­дың мә­лі­мет­те­рін ұсы­ну бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ба­ға­сы осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес есеп­те­ле­ді.
8
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң) 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін.
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден ба­стап 17.30-ға дей­ін бел­гі­ле­не­ді.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді;
2) пор­тал­дың жұ­мыс кесте­сі – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) уәкі­лет­ті ор­ган­ның www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
1) «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу үшін:
«Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған өті­ніш;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге ақы тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты (тү­бір­тек);
Пор­тал­ға:
2) ашық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу үшін:
ашық пай­да­ла­ну­да­ғы ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған элек­трон­дық өті­ніш;
же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу), да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­тін ба­с­та­ға­ны ту­ра­лы тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­ды («элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ЭҮТШ ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­де­ме­лер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
11
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ашық пай­да­ла­ну­да­ғы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке өті­ніш­ті элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы жі­бе­ре­ді.
«Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет қа­ғаз ны­сан­да ұсы­ны­ла­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ашық пай­да­ла­ну­да­ғы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

Қолданыстағы