Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 202 «Об утверждении Правил субсидирования аэропортов, находящихся в коммунальной собственности, не обеспечивающих достаточный уровень доходов для покрытия операционных затрат с пассажиропотоком менее двухсот тысяч пассажиров в год»

Бұйрық · № 87 · қабылданған 17.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2023-no-202-ekb-208367/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 202 «Об утверждении Правил субсидирования аэропортов, находящихся в коммунальной собственности, не обеспечивающих достаточный уровень доходов для покрытия операционных затрат с пассажиропотоком менее двухсот тысяч пассажиров в год» Қолданыста Бұйрық ·№ 87 ·17.03.2025
17.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 202 «Об утверждении Правил субсидирования аэропортов, находящихся в коммунальной собственности, не обеспечивающих достаточный уровень доходов для покрытия операционных затрат с пассажиропотоком менее двухсот тысяч пассажиров в год»

Қолданыста Бұйрық ·№ 87 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 202 «Об утверждении Правил субсидирования аэропортов, находящихся в коммунальной собственности, не обеспечивающих достаточный уровень доходов для покрытия операционных затрат с пассажиропотоком менее двухсот тысяч пассажиров в год»
Атауы (қаз.)
«Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
87
Қабылданған күні
17.03.2025
Көрсетілген редакция
17.03.2025 208367_751453.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035854
ЭКБ идентификаторы
208367
Редакция идентификаторы
208367_751453
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:35

0

«Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО);»;
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуежайдың операциялық шығындарының сметасы, сондай-ақ жолаушылар ағыны бойынша деректер оның жұмыс істеуіне байланысты шығындарды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың алдағы қаржы жылына арналған қызмет бағдарламасының (даму жоспарының) негізінде қалыптастырылады.»;
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әуежайда реконструкция не күрделі жөндеу жүргізу кезеңін қоспағанда, әуеайлақтың пайдалануға жарамдылығы сертификатының көшірмесін;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қаржы жылының қорытындысы бойынша ЖАО мен әуежай орындалған жұмыстардың салыстыру актісін жасай отырып, өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізеді.
Жыл ішінде жолаушылар ағыны екі жүз мыңнан асқан кезде ЖАО осы көрсеткіштен асқан сәттен бастап қаржы жылының соңына дейін одан әрі субсидиялаудан бас тартады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы