Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Осакаровского районного маслихата от 31 марта 2023 года № 2/17 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану по Осакаровскому району»

Өзге акт · № 30/291 · қабылданған 12.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2023-no-217/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Осакаровского районного маслихата от 31 марта 2023 года № 2/17 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану по Осакаровскому району» Қолданыста Өзге акт ·№ 30/291 ·12.02.2025
12.02.2025 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Осакаровского районного маслихата от 31 марта 2023 года № 2/17 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану по Осакаровскому району»

Қолданыста Өзге акт ·№ 30/291 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Осакаровского районного маслихата от 31 марта 2023 года № 2/17 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану по Осакаровскому району»
Атауы (қаз.)
Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 2/17 «Осакаров ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30/291
Қабылданған күні
12.02.2025
Көрсетілген редакция
12.02.2025 207110_744250.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25KO671509
ЭКБ идентификаторы
207110
Редакция идентификаторы
207110_744250
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:08

0 Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 наурыздағы №2/17 «Осакаров ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы

кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 наурыздағы №2/17 «Осакаров ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6371-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осакаров ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімінің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Осакаров ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Осакаров аудандық
мәслихатының
2025 жылғы 12
ақпандағы
№ 30/291
шешіміне қосымша
Осакаров аудандық
мәслихатының 2023
жылғы 31 наурыздағы
№2/17 шешіміне қосымша
Осакаров ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осакаров ауданының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

3 3. Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

4 4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы уәкілетті органға немесе порталға шығындарды өтеу Қағидаларға 3–қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу Қағидаларға 1 немесе 2- қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мерзімі шығындарды өтеу Қағидаларының 2-тарауына сәйкес көрсетіледі.

6

6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар: мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, мүгедектігі бар баланың аудан шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері әр балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең және шығындарды өтеуді тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10 күніне ай сайын төленеді.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Қолданыстағы